Қалдыбектің әндері шырқалады
30 мамыр күні сағат 18.00-де Республика сарайында көпшілік қауымға танымал «Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу», «Жайықтың толқындары», «Қиялдағы қалқа», «Кірмеші жиі түсіме» әндерінің авторы, Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі дирекциясының Бас директоры, «Шәмші» журналының Бас редакторы, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің шығармашылық кеші өтеді.
Кешке Қазақстанның өнер жұлдыздары Тұңғышбай Жаманқұлов, Мақпал Жүнісова, Сембек Жұмағалиев, Майра Ілиясова, Ералхан Әбішев, Гүлмира Ақүрпекова, Жеңіс Ысқақова, Сәкен Қалымов, Шәкизада, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Иманбаева, Саят Медеуов, Тамара Асар, Асқар Жүнісбеков, Жазира мен Жанболат, Әділ Сламхан, Дана Маханбаева, Ғани Мәтебаев және «Каспий» тобы мен «Жігіттер» квартеті қатысады.