Қаламгер мерейі

Қаламгер мерейі

Ертең сағат 16.00-де  Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде  белгілі қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Уахап Қыдырханұлының 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық салтанатты кеш өтеді.

Уахап Қыдыр­ханұлы публи­цист ретінде де баспа­сөз­де за­ман­­ның сөзін айтқан, та­ри­хи-танымдық ой­лы мақалалары­мен оқырманын сусындатып, Қа­зақ­стан Журна­листер одағы сый­лығын төрт мәрте иелен­ген.
Ұлт әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан қаламгердің «Әт­тең, Алтай», «Марқакөл» атты тарихи кітап­­тары, «Шаңқай түс», «Таң нұры», «Тас­қай­нат», «Алтын ай» атты әңгіме-повестер жинағы, «Сағыныш саздары» атты диаспо­ралық шежіре кітаптары өзінің лайықты бағасын алған.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы­ның негізін салушылардың бірі саналатын жазушы сондай-ақ қасиетті Құран Кәрімнің түсіндірмелі-мағыналық тәржімесін жасаған.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдасты­ғы және Қазақстан Жазушылар одағы бір­ле­сіп ұйымдастырып отырған әдеби кешке қаламгердің шығармашылықтағы әріптес­тері, танымал мәдениет және өнер өкілде­рі, көрнекті ғалымдар қатыспақ. Келемін деушілерге есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста