Қала күнінің басты қызығы – қазақ ауылы

Қала күнінің басты қызығы – қазақ ауылы

Жыл сайынғы қала күні мерекесін өткізу елордасы Астана үшін ауыр сынақ деуге болады. Сарыарқа төрінде өтетін торқалы той тек бір ғана қаланың емес, бүкіл Алаш жұртының ортақ мерекесі екені анық. Олай болса, тойдың жүгі де бүкіл ел болып арқалайтын салмақты міндет. Кеше БАҚ өкілдерімен жылы жүздесу ұйымдастырған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала күндері өтетін негізгі шаралармен таныстырып, мейрам алдындағы дайындық барысы жайлы жан-жақты мәлімет берді.

Биылғы той жұрт аузында қалардай жұлдызды сәттерге толы болғалы тұр. Әлемге аты танымал әртістер, концерттік кештер, бұрын өткізілмеген кинофестиваль, «Хан шатыр» сынды ғажайып құрылыстардың ашылу салтанаты – бәрі де ел астанасының абыройын арттыратын айтулы оқиғалар. 4 шілде күні мереке ресми басталады. Оның белгісі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысып, өз қолымен алып көк байрағымызды көкке көтереді. Осы шара аясында әскери оқу орындарының курсанттары Елбасы қолынан погондар алады. Ресми бағдарлама бойынша, негізгі мерекелік шаралар шілденің 4,5,6 күндері болады. Одан бұрын да қала күнінің құрметіне орайластырылған жоспарлар жоқ емес. Айталық, 27 маусымнан бастау алатын «ASTANA» экшн-фильмдердің халықаралық кинофестивалі, 30 маусымнан 1 шілдеге дейін өтетін Минералды ресурстар және металлургия бойынша І Қазақстандық халықаралық конгресс т.б. Сан түрлі іс-шараның ішінде ала бөтен айшықтап айтуға тиісті басты құндылық – ұлттық бет-бейнемізді, тарлан тарихымыз бен сүрлеулі салт-дәстүрімізді паш ететін шаралар. Биыл қазақтың кім екенін танытатын шынайы белгісі ретіндегі этно- ауылдар Астаналық саябақта және «Хан шатырының» алдына қоныс тебетін болады. Яғни қазақ ауылында ақ шаңқан киіз үйлер жағалай тігіліп, ұлтымыздың небір салт-дәстүрі, этнографиялық өмірі, көшпелі халықтың пайдаланған түрлі заттары көрсетіледі. «Бізде «асфальтта өскен» деген ұғым бар. Жарайды, біз бұл үрдісті бүкілдей өзгерте алмаспыз, бірақ ең болмағанда осындай айтулы мерекелерде ұлтымыздың болмысын ұрпақтарымызға, өзгелерге танытуымыз қажет. Осындай шараларды шынайы, жанды түрде жасау арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін оятуымыз керек», – дейді Иманғали Тасмағамбетов. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» деп аталатын көшпелілер өркениетінің фестивалі аясында көптеген қызықты шаралар болады. Ұлттық бейнені айшықтайтын шара эпизодтары «Хан шатыры» ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты кезінде де көрсетілетінін айта кетейік.
Кездесуде әкім ЕҚЫҰ саммиті, 2011 жылғы Қысқы Азияда сынды ірі халықаралық шаралар өтеді деп жоспарланып отырған елорданың алдындағы міндеті өте ауыр екенін айтты. Со үшін де қазір қала жолдары қайта жөнделіп, инфрақұрылым жаңаруда. Елордалық салауатын әбден орнықтырып алған қала ендігі жерде ұлттық бағытта дамуы тиіс. Бұл тұрғыда әкім көңіл қуантарлық көптеген жаңалықтармен бөлісті.

Той алдындағы жаңалық
Астана күні қарсаңында елорда төріндегі қала әкімшілігі ғимаратының алдында ұлы ақынымыз Абайдың жаңа ескерткіші бой көтереді. Ал шілденің 5-і күні жаңа ескерткіштің жанында «Ұлттық рух, елдік сана, нұрлы Астана» деген атпен Кітап және поэзия мерекесі өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста