Қайта басылған роман

Қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты таңдаулы кітаптарды жарыққа шығарып жүрген «Ел-шежіре» баспасынан Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» атты романы басылып шықты. Бұған дейін бұл туынды екі кітап болып, өз алдына жеке-жеке басылған болатын.
Бұл жолы аталмыш роман түпкі мазмұ­нына сәйкестендіріліп, бір кітапқа жинақ­талды. Жаңа кітап еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңыз­ды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылған. Қаламгердің «Ала­тау» романы кеңестік дәуірдегі «Ұлы қазан революциясы» деп танылған тарихи оқи­ғаны, одан кейінгі жылдардағы отырықшы­ландыру, коллективтендіру, колхоздастыру кезеңдерін қамтиды.
Кітапта сол бір нәубеттен құтылған ел­дің басына түскен екінші зобалаң да, яғни 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау науқаны да халықтық трагедия ретінде толыққанды суреттелген. Балғабек Қыдыр­бекұлы 1929 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемле­кет­тік университетінің журналистика фа­куль­тетін тамамдап, «Социалистік Қазақ­стан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жұмысқа қабылданған. Осы редакцияда 36 жыл қызмет еткен. Қай­раткер қалам­гердің қайта басылған кітабын шығарған «Ел-шежіре» қоғамдық қорының прези­ден­ті, белгілі жазушы-журналист – Дидахмет Әшімханұлы. Алпыс баспа табақтай бола­тын бұл үлкен кітап 927 беттен тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста