"Қайраттың шешесі оқып, есін жиса..." Белгілі актриса әртістерге өткір сын айтты
Соңғы күндері актриса Назгүл Қарабалинаның өткір пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Азамат Сатыбалдының келіншегі кезекті сұхбатының бірінде әр қадамын желіге жүктеп, ішкен-жегенімен мақтанатын отандық шоу-бизнес жұлдыздарын оңдырмай сынаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Тамақ ішіп жатқаным, ішіп-жегенім кімге керек? Осы қара шәй әркімнің үйінде бар. Мына тәттіге әркімнің шамасы жетеді. Оның несіне мақтанасың? Ұшақпен ұшу жетістік пе? Ол — өмірдің нормасы. Сондай дүниелермен мақтанғанша, өз шығармашылығыңмен мақтан,— деді актриса Назгүл Қарабалина.
Азамат Сатыбалдының әйелі айтқан бұл сөз лезде желідегі жұрттың қызу талқысына түсті. Танымал актрисаның дәл осы пікірінен кейін оқырмандардың есіне бірден Қайрат Нұртастың отбасы түскен.
"Өте дұрыс айтасыз. Бұл сөз тура Қайрат Нұртастың отбасына айтылғандай", "Әншілер қатты құтырып кетті. Енді тек дәретханада отырғанын салу қалды", "Гүлзира Айдарекова ішкен-жегенін салады. Ұят нәрсе", "Әсіресе Қайраттың шешесі оқып, есін жиса екен",
— деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актриса Назгүл Қарабалина бұл өткір пікірін "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.