Қайраттың беті ашылды

Қайраттың беті ашылды

Соңғы бірнеше ай көлемінде жақсы жарнамаланып, жас көрермендерді ынтықтырған тұңғыш қазақстандық кинокомедия жарыққа шықты. «Қайрат – чемпион. Нөмірі бірінші беті ашылмаған» («Қайрат – чемпион. Девственник № 1») – басқа емес, өз жастарымыздың өмірі жайлы фарс.

Жаңа туындыны жасаушылар фильм туралы бар құпияны соңғы сәтке дейін сары майдай сақтап келді. «Бұл не қылған Қайрат?» деген сауалға көрермен тұсаукесер кезінде барып қанықты. Қайрат – 18-ге енді толған шымкенттік студент. Аймақтан Алматыға оқу қуып келген баланың анау қызығарлық армандары да көп. Ең бастысы, ол – ешқандай қыздың етегін ашып көрмеген, бұл «жорықта» жолы бола қоймаған бала. Бірақ бозбалалық ерлікке ұмтылған қылықты кейіпкер ақыры біреу – әке, біреу – ер, енді біреу күйеу бала етуге аңсап жүрген нағыз қазақ болып шығады. Тіпті олигархтың еркекшора қызы Әлияның өзі бір сәтке өзге жыныстыларға деген көзқарасын өзгертеді. Фильмде студенттік өмірдің қиындықтары, жезөкшелік пен әлеуметтік тапқа бөліну мәселелері көрініс табады. Авторлардың айтуынша, қазақстандық жастар бұл жайттарға күнделікті куә болып жүр, демек, комедия – олардың өзі туралы.

dsc_8865

Жастарға арналған тұңғыш отандық комедияның басты кейіпкерінің рөлінде Тұрар Дәуілбеков ойнады. КИМЭП-тің 20 жастағы студентінің киноға алғаш түсуі. Өзінің айтуынша, ол кейіпкері Қайраттай емес, беті әлдеқашан ашылған. Режиссер Лев Мариупольскийдің сөзіне қарағанда, бұл рөлге әртіс табу қиынға соғыпты. Себебі киноға түсуге келісім берген және кастингтен таңдалған адамдардың көбі ондағы эротикалық көріністерге бола бас тартыпты. «Бұл жағынан, Тұрардың батылдығына тәнті болдық», – дейді ол. Комедияның тұсаукесерінде Қайраттың ең жақын құрбысы, жетім қыз Таняның рөлін сомдаған Регина Искандарованың шеберлігіне де көрермен қошеметпен қол соқты.

dsc_8798

Тұрар ДӘУІЛБЕКОВ, Қайраттың рөлін орындаушы:
– Кинода маған қиынға соққаны – соңғы көріністегі Таня мен Қайраттың бір-біріне сезім білдіруі. Махаббат деген шынайылыққа көрерменді сендіру үшін іштей өзімізге психологиялық қысым жасадық. Бұл біреудің кеңесімен болатын құбылыс емес еді. Сондықтан шын қиналдым.

Денис КУКЛИН, сценарийдің авторы:
– Басты мақсатым өз жастарымызға ұнайтын дүние жасау ғана болды. Идеямды осы жобаға мұрындық болған «КТК» телеарнасы басшылары бірден қолдады және комедия мазмұнына қатысты ешқандай цензура қойылмады. Шынымды айтсам, бұл – ақымақтау кино, бірақ күлкілі. Жаңа ғана киноның алғашқы көрсетілімінен кейін-ақ көпшілік риза болып, «жақсы комедия» деп жатты. Демек, мен өз мақсатыма жеттім дей аламын.

Айта кетейік, эротикалық элементтері болғанымен, кинотуындының тым анайы көріністері жоқ. Қалжыңға құрылған фильм көрерменді оптимизмге жетелейді.Кейіпкерлердің қылықтары ішек-сілеңді қатырады.

Киноға жазылған әуендер де көңілді. Бірақ киноның бағасын оның негізгі көрермені жастар әлі-ақ бағалай жатар. Әзірге айтарымыз, бұрын жастарға арналған комедиялар тек қана Батыстың дүниелері болса, енді бұл жанрға отандық киногерлер де түрен сала бастады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста