Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр
«Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
«24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында «Өнер қырандарының» «Харекет қорына – 5 жыл» атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген», – делінген хабарламада.
Республика сарайының әкімшілігі, сонымен бірге, қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеген.
Айта кетейік, бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған «Жаңажылдық шоу» өткізіледі деп жоспарланған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу