Патриоттық әндерді радио, телеарналар тегін насихаттаса...

Патриоттық әндерді радио, телеарналар тегін насихаттаса...

Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін-өзі жұбатқан.Сондай-ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы.
Бір кездері Кеңес заманында біздің ата-әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқап, тың игеру жұмыстарына білек сыбана кірісті, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ірі құрылыстарға аттанды. Идеологиялық үгіт-насихаттың арқасында жанқиярлық әрекеттерге барып, бір кісідей жұмыла еңбектенген еді сол тұстағы буын. Осы кезде патриоттық әндер үгіт-насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек.
Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата-бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек. Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім-ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
Ескендір Хасанғалиев - Атамекен
Қазіргі таңда қазақ эстрадасында патриоттық әндер жоқ емес, дегенмен жеткілікті деп те айта алмаймыз. Н.Тілендиевтің «Менің елім», Ә.Еспаевтың «Туған ел», «Бейбітшілік сақталады», Е.Хасанғалиевтің «Атамекен», С.Бәйтерековтың «Әлия» секілді біраз жылдан бері әншілердің бірнеше буыны және қарапайым халық ауыздарынан тастамай айтып келе жатқан бірегей шығармалар күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан емес. Дәл қазір осы деңгейлес патриоттық әндер бар ма? Осы сауал туа қалғанда біздің есімізге Ж.Дәулеттің «Қазақтай ел қайда?», Е.Құдайбергеновтің «Қазақтың жігіттері», Е.Зейіпханның «Көк тудың желбірегені», «Отырардағы той», Ержан Серікбаевтың «Алға, алға, қазақ жігіттері», Маржан Арапбаеваның орындауындағы «Қазақ елі осындай» іспетті тыңдарман жүрегіне жол тапқан біраз әндер түседі. Осындай оншақты ән үлкен сахналарда орындалады. Естуімізше, әр облыстарда, әр өңірлерде аса таныла қоймаған ақын-сазгерлер де шама-шарқынша патриоттық әндер жазып жатады, көптеген әндер патриоттық ән байқауларына қатысады. Дегенмен, патриоттық әндердің белгілі бір өңірден ары аса алмай, таныла алмай жатуының бір себебі – олардың насихатының аздығы. Егер қандай болса да патриоттық әндердің насихаты күшті болса, көп әннің ішінен тыңдаушының намысын жанитын, ұлтжандылығын арттыратын жігерлі әндер іріктеліп, қатары көбейе түсер еді.
Қай заманда да патриоттық әндер ел тарихындағы елеулі оқиғаларға байланысты туып отырады, Айталық, ақтабан шұбырынды кезінде «Елім-ай» шықса, ұлт-азаттық көтерілісі барысында Махамбеттің өр рухты жырлары дүниеге келді. Сол сияқты Ұлы Отан соғысындағы майдан даласында шыққан «Свяшенная война» бүкіл одақтың ұранына айналды. Одан кейінгі Ұлы Жеңіс күніне орай жазылған «День победы» әнін көзінен жас алмай орындаған адам болмады.
Қазақ үшін ең Ұлық күн – азаттықтың ақ тағы атқан Тәуелсіздік мерекесі. Егемендікке, елдікке қолы жеткен қазақ Бекболат Тілеуханмен бірге «Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге
Жасай бер, жаса, қазағым менің» деп шырқады.
Баршаға мәлім, 2006 жылдан бастап Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» әні көгімізде әнұран боп қалықтады. Ал бұған дейінгі Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Жадыра Дәрібаева сынды ақындар сөзін жазған Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны да патриоттық әндердің қатарына жатады.
Бекболат Тілеухан - Менің Елім
Қарапайым халыққа махаббат жайлы лирикалық немесе тойдағы ойнақы әндер ғана керек деу әбестік. Өйткені жақсы ән қашанда өз тыңдарманын табады. Қазақ паэзиясында Мұқағали, Қасым, Жұмекен мен Жұбан секілді ақындардың патриоттық әндерге сұранып тұрған қаншама өлеңдері бар. Тап осы ақындардан Отан, атамекен, жер-су, достық, адалдық, адамгершілік хақындағы өлеңдердің түр-түрі табылады. Тек қазіргі таңда бізге ізденіс жетіңкіремей тұр. Патриоттық әндердің тек мәтіні ғана емес, әуені де соған сай рухты, жігерлі болса, тыңдарман жүрегінен орын алады. Патриоттық әндерді, әнұрынды жиі естіген сайын, әр қазақ бірге қосылып айтуға әдеттенеді.
Көк тудың желбірегені
Бүгінде жер-жерлерде «Елім менің», «Туған жер», «Отан деп соққан жүректер», «Тәуелсіз Қазақстанымды әнге қосамын» секілді патриоттық ән байқаулары өткізіліп тұрады. Алайда осындай байқауларда патриоттық әндерге қандай талаптар қойылады, қалай іріктеледі, үздігі қалай анықталатыны нақты белгісіз. Сондықтан да патриоттық әндер төңірегінде сыни пікірлер көп. Мәселен, патриоттық әндер көбіне ұйқас қуалап кетеді, мәтіндері жеңіл, әуендері жігерсіз дейтін пікірлерді жиі кездестіруге болады.
Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, сазгер:
– Менің әндерімнің арасында патриоттық ән жоқ екен ғой деп күйсандыққа отыра қалып патриоттық әндер жазып жүргендер бар. Олар бір күнде немесе бір аптада жаза салуы мүмкін. Ал нағыз ән алпыс екі тамырыңды шымырлатып, бірнеше ай ойлантып, толғантып, іздентіп барып шығады. Мәтінін жазатын ақынды таңдап, әбден іштей дайын болғанда ғана патриоттық ән туады деп ойлаймын. Отанды сүюге жетелейтін әндер көп болуы тиіс.

Тоқтар СЕРІКОВ, әнші-сазгер: – «Алға, Қазақстан» деген сияқты әндер жазылады. Кейбір ақын-сазгерлеріміз байқауларға арнап әйтеуір апыл-ғұпыл патриоттық ән жазады. Егер сол әндер бәйге алмай қалса, сол күйінде ұсмытылып қалады. Ондайлар ән емес, шалағай дүние. Халықтың жүрегінен орын таппаған ән патриоттық ән бола алмайды, ақын-сазгерлер осыны ескеру керек.
Туған еліне, жеріне деген отансүйгіштік сезімді жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін де тәрбиелік мәні зор патриоттық әндер жазу, оны насихаттау кеше қалай маңызды болса, бүгінде сондай маңызға ие. Патриоттық шығармалар бізге бүгін ауадай қажет. Сондықтан мәтіні мағыналы, әуені жігерлі әндерімізді отандық телеарналарымыз бен радиолар тегін насихаттаса, патриоттық әндердің саны да, сапасы да жоғарылай түсер еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста