Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаным үшін әкеммен екі жыл араласпадым - Арай Әлімхан

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаным үшін әкеммен екі жыл араласпадым - Арай Әлімхан

Журналист әрі актриса, Instagram желісінде миллиондаған оқырманы бар Арай Әлімхан өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны үшін біраз сынның астында қалғанын айттты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мамский әңгіме" подкастына сілтеме жасап жазды.

"Көп пабликтерде мен туралы сын пікірлер жазылды. Ол кезде қыздар ажырасқанын, екінші рет күйеуге шығып жатқанын айта бермейтін. Мен бұл туралы айтқан бірінші адам болдым. Оның үстіне күйеуім қазақ емес. Хейттің неше түрлі көкесі маған келді. Неше түрлі қазақ тілді порталдар мен туралы ұрып жазды. Мұнымен қоймай, неше түрлі туысқандар әке-шешеме жібереді. Біраз хейт болды.

 

Әкеммен араласпадым. Екі жылдай араласпадым. Маған ренжіді. Анам алғашында қарсыласқанымен, кейін көнді. "Бастысы сен бақытты бол", - деді.

 

Әкемнің жүрегін жаулап, ашуын басу үшін наурыз мерекесінде Шымкентке бардық. Ол кезде атам тірі болатын, соның қолынан бата алайық деп бардық. Атам батасын берді.

 

Сол кезде әкемнің де жүрегі елжіреді. Мен әкесінің қызы болып өскенмін. Ол бәрімізді бөлмеден шығарып жіберіп, болашақ күйеуіммен сөйлесті. Кейін бөлмеден жылап шықты. "Бақытты болыңдар" деп тілегін айтып, бізге батасын беріп, шығарып салды. Біз кеткен соң 2-3 күннен кейін атам өмірден озды. Дәл уақытында барған екенбіз", - деді Арай Әлімхан.

 

Айта кетелік, Арай Әлімхан бірінші күйеуімен неге ажырасқанын және өзге ұлт өкілі саналатын қазіргі жарымен қалай танысқанын да баяндап берген болатын.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста