"Өз ұяттарыңызға ие болыңыздар": Жарқынай Ханайым образын сынағандарға жауап берді
Жарқынай Ханайым жаңа образын көпшілікке паш етіп, сөз естіп қалды. Желі қолданушылары әншінің өзгеріп бара жатқанын айтып, сөгіп тастаған, деп жазады Stan.kz тілшісі.
"Еңбектен шыққан қыз, өте ұят мына суретің. Ақша үшін не істемейді адам? Әке-шешеңнен ұялсаң нетті", "Көбіне блогер әншілер ажырасса, осындай фотолар салғанға ұста екен", "Мұсылман екенімізді ұмытпайық", Сен де шешініп бастадың ба?", "Күллі елдің алдында жартылай жалаңаш отырғаның дұрыс емес-ау. Елдің алдында жүргендіктен артыңнан ерген сіңлілерің үлгі алады сенен. Қыз бала тәрбиелеп отырсың дегендей", "Жүкті әйелге бұлай ашық-шашық фотоға түскені ерсі емес па?" - деп сынады оқырмандар.
Елдің сынына Жарқынай жауап берді.
"Құрметті ұятмендер, өз ұяттарыңызға ие болыңыздар. Ал сұлулықты көріп, керемет пікір жазып жатқандарға үлкен рахмет", - деді ол.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым жолдасымен "Рауза" телехикаясынан кейін айырылысты. Десе де, Жарқынай мен Айдар Асқарбек ресми түрде ажырасқан жоқ, әзірге бөлек тұрып жатыр. Бір сұхбатында актриса араға уақыт салып, күйеуімен қайта қосылуы мүмкін екенін айтқан еді. Жарқынай Ханайым екінші сәбиін күтіп жүргенін жариялады.