Өз киномызды көру үшiн қашанғы өзгелердiң қолдауын күтемiз?..

Соңғы бесжылдықта қазақ киносына айтарлықтай жан бiттi. Қаржы тапшылығын желеу етiп, бiр фильмнiң жырын үш-төрт жыл бойы жырлайтын кезеңдердi де бастан өткерген «Қазақфильмнiң» еңсесi едәуiр көтерiлдi. Сөйтiп, аталмыш компания жылына жетi-сегiз фильм түсiретiн де жағдайға жеттi...
Компания президентi Ермек Аманшаевтың сөзiмен айтқанда, биыл толықметражды он көркем фильмнiң және «Астана – махаббатым менiң» атты телесериал мен оннан астам деректi фильмнiң түсiру жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ анимациялық сериал мен толықметражды анимациялық фильм де өндiрiске жiберiлмек. Мұның сыртында, Тимур Бекмамбетовтiң студиясымен бiрлесiп түсiрiлетiн «Алтын адам» жобасын жүзеге асыру көзделуде. Сонымен қатар, қазақстандықтардың ауған соғысындағы жағдайын арқау ететiн «Қара майор» фильмi жоспарланып, оның режиссерлiгiне Егор Кончаловский шақырылып отыр. Тағы бiр ерекше жайт – отандық кинематография тарихында тұңғыш рет, спорт туралы «Рывок» атты көркем фильмнiң түсiру жұмысы қолға алынды. Көпке созбай, оны тiптi осы жылдың аяғына қарай бiтiрiп, дереу прокатқа шығару көзделуде.
Ермек Аманшаев биылға жоспарланған жобалардың еш кiдiрiссiз басталатынына сенiмдi. Өйткенi олардың «қаржы-қаражат және ұйымдастыру жөнiндегi мәселелерi толықтай шешiлiп қойылған». Биылғы жылы отандық фильмдердiң өндiрiсi мен киностудияны техникалық жағынан модернизациялау iсiне бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлiнiп отыр. Және бұл өткен жылғымен салыстырғанда бес есе көп!.. Бүкiл әлем «Дағдарыс!» деп дүр сiлкiнiп жатқанда, ел Үкiметiнiң кино саласын шөмiштен қыспай, жомарттық танытып отырғанын киностудия басшысы әр-әр жерде сүйсiнiп айтып-ақ жүредi. Елiмiздiң бас киногерi Аманшаевтың бұл сөзi негiзсiз де емес...
Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi – ақша бөлiнiп, кино түсiрiлiп жатыр. Бiрақ көрерменге жетпейдi. Прокат мәселесi – өз алдына, бұл жерде киноны тарату iсiнде жүйесiздiк орын алып отыр. Мысалы, ел-елдегi, жер-жердегi қарапайым жұртшылық кинофильмдердi кинотеатрдан, клубтан емес, негiзiнен, теледидардан көредi. Демек, киноны көрерменге жеткiзудiң ең тиiмдi жолы – оны телеарналардан беру. Бiрақ «Қазақфильмнiң» өз өнiмдерiн телеарналарға тегiн бергiсi жоқ. Ал телеарналар оларды сатып алуды қалталарының көтермейтiнiн айтып ақталады. Былай қарасаң, «Қазақфильм» киностудиясы да, «Қазақстан», «Хабар», «Еларна» сияқты басты-басты телеарналар да, негiзiнен, бюджеттен қаржыланады, яғни мемлекеттiк мекемелер... Осы арада «Мемлекет өзi ақша бөлiп түсiрткен киноларын мемлекеттiк телеарналардан неге тегiн көрсеткiзе алмайды?» деген ой туады...
Жаңа жыл қарсаңында әлдебiр банктiң демеушiлiк етуiмен, «Қазақстан» арнасы «Қазақ киносының онкүндiгi» айдары бойынша, «Қазақфильмнiң» соңғы жылдарда түсiрiлген он туындысын көрермен назарына ұсынды. Iшiнде Р.Әбдiрәшевтiң «Құрақ көрпе», Д.Саламаттың «Әкем екеумiз», С.Құрманбековтiң «Әурелең» сияқты тәп-тәуiр дүниелерi бар. Мысалы, бұл – Данияр мен Сәбиттiң кинодағы тұңғыш жұмыстары. Егер аталмыш апталық болмағанда қалың көрермен қазақ киносына осындай талантты жастардың келiп қосылғандығынан мүлде хабарсыз да қалар едi. Ал төл киномызды теледидардан тамашалау үшiн қашанғы қаржыгерлердiң қолдауын, болмаса белгiлi бiр апталықтардың ұйымдастырылуын күтемiз?.. «Бәленше бәлен конкурста жүлде алыпты», «Бәлен фестивальге қатысыпты», «Ана бiр фильмнiң премьерасы өтiптi» деген жалаң мәлiметтен құлағдар екенi болмаса, қалың көрермен не түсiрiлiп, оның қандай болып шығып жатқанынан  мүлде бейхабар...
Жалпы, түсiрген киносының көрерменге жетуiне ең бiрiншi «Қазақфильм» мүдделi болуға тиiс. Өйткенi ел-жұрттың игiлiгiне айналмаған кино – тұл. Мұндай жағдайда «Жылына мұнша фильм шығаратын болдық!», «Киноға мұнша қаржы бөлiнiп жатыр!» деп алақайлаудың өзi артық. Өз қазанында ғана қайнап, өзгенiң кәдесiне аспаған жағдайда, ол – бәрiбiр өлi өндiрiс...

СТОП КАДР
Биылғы жылы отандық фильмдердiң өндiрiсi мен киностудияны техникалық жағынан модернизациялау iсiне бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлiнiп отыр. Және бұл өткен жылғымен салыстырғанда бес есе көп!.. Бүкiл әлем «Дағдарыс!» деп дүр сiлкiнiп жатқанда, ел үкiметiнiң кино саласын шөмiштен қыспай, жомарттық танытып отырғанын киностудия басшысы әр-әр жерде сүйсiнiп айтып-ақ жүредi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста