«Өркениеттер диалогы» – Алматыда

«Өркениеттер диалогы» – Алматыда

Келесі аптаның басында, яғни маусымның 9-10 аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, Мәдени саясат және өнертану институты «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумымен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық әріптестігімен «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізіледі.
Халықаралық ғылыми-теориялық кон­ференцияда «Мәдени мұра» ұлттық жо­басын халықаралық дәрежеде насихаттау, Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзек­ті мәселелерді шешетін, халықаралық өр­кениеттер диалогының алаңына айнал­дыру, сондай-ақ Қазақтың ұлттық тарихи-мәдени мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу міндеті қойылып отыр. Конференцияға Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғам­дық форумының президенті Владимир Якунин, Мәдени саясат және өнертану инс­титутының директоры, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Саиров, «М.Әуезов» қорының директоры, фило­ло­гия ғылымының кандидаты Мұрат Әуе­зов басқа да қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, шетелден келген қонақтар қатысады. Екі күнге созылатын жиында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар­ла­масын халықаралық дәрежеде насихаттау, қазіргі өркениетті заманға лайықты ортақ кеңістіктегі конструктивті диалог қалып­тастыру мақсат етіліп отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста