"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады
"Орда" тобының әншісі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын сынағандарға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әнші желідегі парақшасында айтты.
Есболат Беделханның айтуынша, жынысын ауыстырған жігітті ортаға алып, бұл туралы бағдарлама жасаған Ләйлә Сұлтанқызын сынға алу орынсыз. Себебі, бұл мәселенің бар екенін - ащы шындық.
Есболат тележүргізушіні сынау - жоқ жерден кір іздеу екенін ашып айтты.
"Кей бір шындықтың шыққаны, өршіген айқай-шуға қарамастан дұрыс екені білінеді. Сөзге, тіпті соққыға қалған кінәсіздердің арқасында xалқымыздың жауыздығы көрініп қалды! (бесінші нүктесі ашылды)", - деп айтып салды әнші.
"Шашымды екі жаққа бөліп буған маған тиісе берсін, бірақ, жақсы маманды, ащы тақырыптар болса да, бапты жүргізіп, өзін мәдениетті және маманды ұстайтын Ләйләға xалық керемет сөздер айтып кінә тақпаса дұрыс болады.
Сол шығарылымда жүргізуші xаным әлде қонақтар, кейде асырып, кейде көбейтіп айтса да, бұл шоудың ұстанымы екенін білгендерің дұрыс. "Оай-баааай", "Мәәәәә" деп жанындағы адамның шашын жұлып, диванды ұрудың қажеті жоқ", - деп өз пікірін білдірді әнші Есболат.
Естеріңізге салсақ, бұдан бірер уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы өзінің авторлық "Әйел бақыты" бағдарламасына жынысын ауыстырған жігітті шақырған. Мұны көрген танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етіп, "Қазақстан" Ұлттық арнасының басшылығына хат жолдаған болатын. Ал Ләйлә Сұлтанқызы бұл сынға орынды қарап, бұл мәселе - ащы шындық және оның қоғамда бары рас деп мәлімдеген болатын.