Оразалы мен Ажарды еске алу кеші өтеді

Оразалы мен Ажарды еске алу кеші өтеді

16 мамыр күні сағат 19.00-де Алматыдағы Студенттер сарайында қазақтың ақтаңгер ұлы, айтулы айтыскер ақын Оразалы Досбосынов пен белгілі әнші Ажар Түзелбекқызын еске алуға арналған «Сағындым сені...» атты ән-жыр кеші өтеді.

«Құлмамбеттен қалған құлынмын,
Көдектен қалған бір ұлмын»,

– деп айтыс өнерінің жарық жұлдызына айналып, елінің сүйіспеншілігіне бөленген Оразалы Досбосыновтың дүниеден озғанына да сегіз жылдың жүзі болыпты. Қараша айын­да туып, қара жолдың үстінде көлік апаты­нан қапелімде көз жұмған ақын қа­лың қазақпен қарашада қоштасып кете барды. Оған аяулы жар болып, ұл-қыз тәрбиелеп отырған әнші Ажар да өткен жылы Ораздың тағдырын қайталады.
Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қара­шада Алматы облысы Райымбек ау­даны (бұрынғы Нарынқол ауданы) Тегістік ауылында туған. Мектебін тәмам­даған соң, ауылдық Мәдениет үйінде жұмыс істеген. Оқушы кезінен айтыстар мен түрлі мәдени шараларға қатысып жүрген ол айрықша талантымен ерте көзге түсті. Кейін Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің филология факультетінде оқыды. Үлкен өнер ордасында жүріп, Оразалы рес­пуб­ликалық айтыстарға қатысып, айтыс­сүйер қауымның жоғары бағасын алды. Біраз жыл Қазақ ұлттық универ­ситетінде мәдени-ағартушылық саласында еңбек ете жүріп, бірқатар ізбасар шәкірт­терін тәрбиеледі. Ол негізінен еркін шы­ғар­машылықпен айналысқан. Ешқан­дай ресми атақсыз-ақ аз уақыт ішінде ол халықтың ақынына айналды. Ірі айтыстарда талай рет топ жарған Оразалы көршілес Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінде өткен додаларда да орақ тілімен кесімді сөз айтып, қазақтың атын асқақтатты. Марқұмның денесі Алматы маңындағы Тұздыбастау қорымында жер­ленген.
Оразалыдай ақынға жар болған, қазіргі қазақ эстрадасының жұлдызына айнала бастаған әнші Ажар Түзелбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Тасты ауылында туған. Ауыл мектебін тәмамдаған соң, ол Алматыға келіп, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясында оқыды. Ол аяулы жары Ора­залы өмірден озғаннан кейін ақын мұрасын жинақтап, жоқтаушысы бола біл­ді. «Анаға хат», «Сағындым сені» атты әндер арқылы есімі халыққа кең тараған әншіге топырақ туған ауылынан бұйырды. Бүгінде Оразалы мен Ажардың перзенттері – Нұрайша мен Нұрсұлтан Шымкент қала­сындағы Ө.Жол­дас­беков атындағы кол­ледж-лицейде білім алуда.
Өмірден ерте кеткен қос талантқа арналған кеште өнер жұлдыздары – «Қо­ңыр» тобы, «Жігіттер» тобы, Саят Медеуов, Ақбота Керімбекова, Жанболат-Жазира, Роза Әлқожа, Еркін Нұржанов, Алма Аманжолова, сондай-ақ айтыс ақын­дары – Ақмарал Ілеубаева, Айнұр Тұр­сынбаева, Қайнар Алакөзов, Болатбек Оразбаев және Нұрсұлтан, Нұрайша Дос­босыновтар қатысады. Кеш билеттерін Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атын­дағы спорт кешені және «Заңғар» сауда орталығының кассаларынан сатып алуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста