ӨМІРГЕ ӘР БЕРГЕН ГҮЛДЕР МЕН АРУЛАР

ӨМІРГЕ ӘР БЕРГЕН ГҮЛДЕР МЕН АРУЛАР

Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын, - деп өрілген Мұқағалидың бүгінде әуенге айналған жыры анаға деген перзенттік сағыныштың шырқау шыңы болса керек. Шындығын айтар болсақ, анаға, әйелге деген құрмет науқаншылдыққа айналып бара жатқандай сезіледі кей-кейде. Дей тұрғанмен, шаһар көшелеріндегі гүл дүкендерінің маңынан өткен сайын бір құштарлық өзіне баурайды да тұрады. Жеке ұғымымда  әр әйел бір тал гүл секілді. Сондықтан болар баптауы мен күтімі де өзгеше. Ол—ғаламға бейбітшілік пен сұлулық сыйлағысы келеді. Шығармашылық адамдарына қуат беретін, шабыт сыйлайтын да осы гүлдер. Тым арыға бармай-ақ, хакім Абайды ғұламалық өріске, парасатты пайым айтуға ынталандырған гүлдер бар еді. Оның алғашқысы—Зере әжесі мен анасы Ұлжан болса, соңғысы махаббат лирикасының музасы іспеттес Абай сүйген сұлулр - Ділдә, Тоғжан, Әйгерім мен Салтанат еді.
Толымбек аға Әлімбектің мынандай бір жыры бар:
«Мен бір теңеу айтайын – ұлы дерсің.
Сұлулыққа айнымас сыңар қонған,
Әйелдерді раушан гүлі дерсің.
Раушан гүл, шіркін-ай, исі қандай?!
Ән шығармай, мүмкін бе, күй шығармай?!». Ендеше, гүл - жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс иесі.  Бір сөзбен жеткізер болсақ, сүюді үйретеді. Олар «сөйлейді». Толстойдың анасына жазған хаттары, Лермонтовтың «жалғыздығы», Мағжанның «Гүлсімі», Бейімбеттің «Шұғаның белгісі», Мұқағалидың «Фариза қызы» әлемнің сұлулығына деген махаббаттан туған классикалық туындылар деуге болады. Егер сіз біреудің адал жары, біреудің ақ боз атқа мінген ханзадасы болсаңыз, олардың тілін еркін меңгеруіңіз керек. Өйткені, нәзік жандылар қауымы гүлдермен етенелес. «Сенің туған күніңе гүл сыйлар ем құлпырған, Бірақ гүлден аумайды сенің әсем түр тұлғаң»,- деп келетін ақын Мұрат Шаймаранның жыр жолдары әйел мен сұлулықтың, гүлдің егіз ұғым екендігін аңғартса керек.
Гүлдер не дейді?...
Осыдан біраз бұрын күн шығыс елінің «399 руашан гүлі» атты әнін тыңдап жүрдім. Желіде сүйгеніне іңкәрліғін осы раушандар арқылы жеткізбек болған жігіттің көңіл хошы айтылған. Әйтсе де, хас сұлудың келбетіне теңеу таппай қалатын сәтер де кездеседі. Ондайда бірғана  теңеу сөз – "Тіл жетпейді!" дегеннен басқаға бара алмайсың. Шығыстың ұлы шайыры Сағдидың «Бір меңіңе Бұхара мен Самарқанды берер ем!» деген жыр жолдарынан-ақ сұлулыққа жер бетілік дүниенің барлығы бас иетіндігін меңзесе керек.
Иә, анығында, тілдің де жетпейтін тұсы бар. Хас сұлуды көрген жігіттің тілі байланды. Ондай сәтте тіл жетпеген ғашықтыққа жүрек тіл қатады. Жүрек үн қатса адамның көзі де сөйлейді.  Ол жетпеген жағдайда, сол мейрімді гүлдер «сөйлейді»...
Дүкен сөрелерінен гүл аларда олардың санына мән берген абзал. Себебі, сандармен жинақталған гүлдер де әртүрлі мән-мағына береді екен. Ендеше, сол шоқ-шоқ гүлдердің сыбырына құлақ түрейік...
Егер қызға өзіңіз сүйетін жанның сол ғана екендігін және ол секілді арудың ешқашан да қайталанбайтындығын білдіргіңіз келсе, бір шоқ гүл ғана ұсыну керек. Гүл былай дейді: «Сұлу қыз, сері жігіттің сүйгені сен ғана». Ал, өзіңіз жеті қат аспанға немесе жердің түбіне болсын бірге кеткіңіз келетін перизатқа сыйлауға әбден болатын үш жоқ гүл: «Сен үшін ханзадаң құрбан болуға дайын», – дейді екен. 
"Мен сені сүйемін". Бес шоқ роза гүлі сіздің жүрегіңіздің үнін ханшайымға оп-оңай жеткізе алады. Қазақта жеті саны қасиетті саналғандықтан сұлуына сөз салған жігіттер жеті шоқ гүл сыйлауға талпынатыны анық. Ендеше ол не дейді екен? «Сұлуым, алдыңда тұрған адам сенің күллі болмысыңның бір бөлшегі, отбасының ұйытқысы болуға ниетті» дейді. Сондықтан қазақ жігіттері үйленер алдында болашақ  жұбайларына осы қастерлі санды ырымдайды.
«Сізбен шынайы дос болуды қалайды». Бұл--тоғыз шоқ гүлдің үні. Егер бойжеткенге достық пейіліңізді жеткізгіңіз келсе немесе әріптестік қатынастарды жақсартқыңыз келсе, тоғыз тал гүл сатып алуға тура келеді. Ал, бір танысыңызға түзу ниетіңіз бен шынайы қарым-қатынасыңызды танытқыңыз келсе - он бір тал гүл ұсынсаңыз болғаны, гүлдер «Көктемгі күндей жайнап жүріңіз»,  – деп  сайрай бастайды.
Өмір қуаныш, шаттықтан ғана тұрмайды. Ойда жоқта қарагөз аруды қапаландырып алдық делік. Кешірім сұрағыңыз-ақ келіп тұр. Дегенмен, алдына баруға жәй ғана жігіттік намысыңыз жібермейді. Арнайы қызметкерлер арқылы немесе жақын досыңыздан кешірім толы хатыңызды қосып, он екі шоқ гүл беріп жіберіңіз. Қалғаны қыздың құзырында... Тағы да сол мейрімді гүлдер сіз үшін шыр-пыр болады.
Жоғарыда айтып өткендей, өмір болғасын сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді.  Сандар легіндегі он үш - сәтсіз сан болып есептеледі. Сондықтан 13 дана гүлді өзіңіз жақсы көретін адамдарға сыйламауға тырысқан жөн. Мұндайда, гүлдер де «сөйлеуге» құлықсыз, көңілсіз болады. Сондықтан олардың шоғырын бір дана кем немесе көп етуге ұмтылыңыз. Ал, он бес тал гүлді әлемнің жарығын сыйлаған, есейіп кетсең де ұғымында әлі сәби болып елестейтін, сен үшін орны аспандағы анаға сыйлау керек. Кейде, өзіңіз ерекше сүйіспеншілік танытып жүрген, шексіз сыйлайтын, қатты құрметтейтін адамдарға  әжеңізге, жеңгеңізге, ұстазыңызға тарту етсеңіз де болады.
Сандар сәттілікке жетелеп жатса, жігіттерге құшақ-құшақ гүл емес,  жүрек кілтін сыйға тартатын "Жібектерін" адаспай табатындығына сенімдіміз.  Себебі, дархан даланың төсінде өскен қазақ қыздары табиғат-ананың сұлулығын сезіне білетіндіктен, өзіне сол сезімді аманаттай білген нар жігіттерге «мен сені сүймеймін» деп айтуға қалай ғана дәті барсын. 
Мерекеге не сыйлайсың?
Әр отбасының гүл текшесінде  біз жиі Лаванда, Нәркес, Жұпаргүл, Қызғалдақ, Бәйшешек, Раушан гүлдер кездестіреміз. Раушан дегенде еске бірден гүлдердің отаны – Голландия түсетіні тағы бар. Дегенмен, нағыз жабайы тау қызғалдағының отаны – Әмудария мен Сырдария алаптары. Қызғалдақтарды егу жұмыстары Түркиядағы Константинополь бақтарында басталса, Еуропаға 1550 жылы Австрия елшісі Огир де Бусбектің арқасында жетіпті. Де Бусбек бұл гүлдердің сипатын жасап шығып және оны Венаға жолдаған көрінеді. Қазіргі таңда Голландияда әр жылдың сәуір айы мәресіне жетер кезеңде,  Нордвейк-ан-Зе-Харлем жолында "гүлдер шеруі" өткізіліп тұрады. Аталған шеру жыл сайын  қызғалдақтар мен раушан гүлдерінің барлық әдемілігі мен сымбаттылығын паш етіп келеді. Ал, елімізде де сол Еуропаны сұлулығымен тамсандырған шырайлы қызғалдақтың мекені бар. Түлкібас ауданындағы Шұбайқызыл белі де солардың қатарында.
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы. Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған. Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр. Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады. Дінімізде гүл қастерлі саналғандықтан оны аяқасты етуге тыйым салынған.  Ертеректе түрік гаремдерінде "Селем" тілі - гүл тілі қолданылған. Бұл кәдімгі парсы тілінен бізге енген "Сәлем", былайша айтқанда гүл сәлемі немесе гүл арқылы жіберілген сәлемдеме. Бұл дәстүр шығыста жастар арасында кеңінен қолданылған. Өйткені шығыстық менталитет сезімін ашық білдіруге көп мүмкіндік бермейтіні белгілі. Бізде кейде туған күн иесі қанша жасқа толса, сонша гүл беру дәстүрі кездеседі. Бірақ, бұл бар болғаны ол адамның қанша жасқа толғанын ескертуден басқа ештеңе де емес. Әдетте шығыстықта гүлдің ақ түсі әдеттегідей тазалықты, пәктікті бейнелесе, батыста қайғылы жағдайды, қызғыш түс-жастықты, махаббат пен нәзіктікті, алқызыл-өткір ойлылыкты, алтын түстесі-ұлылықты, мәртебелілікті, сары-қызылы - күдікті, солғын сарысы – махаббатқа тұрақсыздықты, қара түсі - қайғыны білдіреді.
Жылына бір рет келетін әйелдер меркесіне қандай гүл сыйлаған абзал деген сұрақтың жиі қойылатыны бар. Әрине, гүлге қуанбайтын әйел кемде-кем.  Шыны керек, әйелдің бақыты, ұрпақ өрбіту, оны тәрбиелеу. Бақытты отбасының отанасы атану болмақ. Ендеше, осы бақытты табиғат сұлу гүлдің пішінінде беріпті. Ақ түсті "Әйел бақыты"  (спаттифиллум) деп аталатын гүл міне осының дәлелі. Әсіресе, гүлдеп тұрған кезінде  ерекше әсерлі сезіледі екен. Аңыздарға сенсек, қыз-келіншектердің өміріне оң өзгеріс сыйлайтындықтан "Әйел бақыты"  аталып кеткен. Таңғажайыбы, ол өзге өсімдіктер сияқты сабағынан суаруды талап етпейді. «Әйел бақыты» өсірілген ыдыстың астына  су құйып қойсаңыз өзі шөлін басады. Бір сөзбен, "Әйел бақыты" – әлемді сүюді, адамзатты  сұлулыққа баулитын сүйкімді гүл. Ерте замандардан бері әйелдерді жалғыздықтан арылтып, бақытты, отбасылы өмірге жетелейтін болған екен. Әйел бақытын аңсасаңыз, "Әйел бақыты" гүлімен дос болыңыз, деп кеңес береді. Айтпақшы, сиқырлы гүлдің тосын сыйлары мұнымен бітпейді. Оның ең күшті құдіреті – әйел затына "ана" атануға себепкер бола алатындығында болса керек. Әдетте спаттифиллум қыс мезгілінің соңы мен күзге дейін гүлдейді. Гүлі ақ қанатты еске салады: дәл сондай ақ, дәл сондай жүрек пішінді. Гүлдің құрамында майда гүл шоғырлары собық бар, олар ақ жаулықты "құшақтап" жатыр. Собығы ақ-сары немесе қара қошқыл түсті бола алады. Қатты пісіп-жетілген кезінде ақ түсті гүл ашық жасыл түске ауысады.
Түйін сөз: Күнделікті әйел бақытын ер адамсыз елестету мүмкін емес. Ғаламтор кеңістігін шолып отырып, «Әйел бақыты» гүлін толықтыратын антуриум гүлін тауып алдық. Ел аузында "Еркек бақыты" деген атпен таралған гүл сізді тамсандырмай қоймасы анық. Ендеше, бейкүнә әрі салтанаты келіскен ақ «Әйел бақыты» мен қызуқанды қызыл «Еркек бақыты» біріксе, отбасының берекесі тасып, ырысы шалқи түсетіні хақ. Ендеше, «айласы қырық атанға жүк болар» ақылды да көрікті әйелдерге мереке қарсаңында «Әйел бақытын» сыйлап, құлағына «мерекеңіз құтты болсын!» деген сөзді естірту ер жігітке міндет екендігін естен шығармайық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста