Өкілетті елшінің өкінішті өлімі

Өкілетті елшінің өкінішті өлімі

«Ел мен елді бітістіру – елшіден» екенін білгенімізбен, неге екені белгісіз, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби елші есімін ауызға жиі ала бермейді екенбіз. Тіпті тым елеусіз қалдырдық деуге де болатындай. Өзіне дейін әлі ешкім ат ізін салмаған Сауд Арабиясына Кеңес империясы атынан тұңғыш өкілетті елші боп барған Нәзір Төреқұловтың бұл қадамы ерлікке баларлықтай іс еді. Басқасын айтпағанда, бір ғана басты алшақтық – «Құдай жоқ» деп үндейтін атеистер елі мен нағыз ислам мемлекетінің арасында тыңнан түрен салудың оңай еместігі сөзсіз.
Қаңтардың алғашқы күндерінде Ш.Ай­ма­нов атындағы «Қазақфильм» кино-­ с­тудиясы өзінің былтыр өндіріске жіберген «Өкілетті елші» атты деректі фильмін жұрт назарына ұсынды. Нәзір Төреқұлов туралы бұл туындының режиссері әрі сценарийін жазған Болат Шәріпов болса, бас кеңесшісі – Алаштың белгілі азаматы, Нәзір Төреқұ­лов жайлы кітаптың авторы Таир Мансұров. Деректі фильмді жасауға бас-аяғы жарты жылдай уақыт пен 7 миллион теңге шама­сында қаржы жұмсалған.
Қазақтың сайын даласынан арабтың сахарасына Алаштың ардақты азаматы алғаш 1928 жылдың 3 қазаны күні табан тірепті. Өз елдеріне келген кеңестің тұңғыш өкілетті елшісін арабтар асқан құрметпен қарсы алған. Мұны сол тұстағы Араб елі әмірі Абдель Азиз аль Саудтың өз қолымен жазып, Орталық комитет басшысы Кали­нин­ге жолдаған хаты айғақтайды. Күллі мұсылман қауымы ардақ тұтар Мекке елінде ислам діні мен араб тілінен толық хабары болмай сый-құрметке ие бола алмайтынын Нәзір Төреқұлов толық түсін­ген еді. Тумысынан берілген шешен­дігімен қатар, озық ойлы азамат орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерін өз ана тілі деңгейін­де білсе керек. Араб тілін де аз уақыт ішін­де өте жоғары деңгейде меңгеріп, солайша өзіне деген нық сенімді қалыптастыра білген. Араб тілін жақсы меңгере отырып ол кеңестер еліндегі араб тілін үйретудегі басты қателікті аңғарғанын, ол қателік – елде араб тілінің мамандарына тек Құран тілі оқытылатынын, алайда ол әдіс бойын­ша тіл үйренудің жеме-жемге келгенде Сауд Арабиясында тіпті сіріңке де сатып алуға жарамайтынын жазады. Көп ұзамай, яғни 1929-1933 жылдар аралығында дүниежүзілік экономикалық дағдарыс басталып кетеді, соның әсерінен Меккеге қажылық өтеушілер саны да күрт азаяды. Ал ол өз кезегінде елдің қаржылай кірісін азайтары сөзсіз. Осы жағдайды реттеуде және көптеген сауда, экономикалық байланыстарға қол жеткізуде өкілетті елші өзіне артылған міндетті тіпті екі есе жақсы атқарып, өзінің керемет іскерлігін дәлел­дей­ді. Солайша жеті жыл тоқтаусыз, дема­лыссыз жұмыс істеген елшінің денсаулығы сыр бере бастаған болатын. Сондықтан Кремльдегі басшыларға өз жағдайын түсіндіре отырып, жаз мезгілінде емделу үшін демалыс сұрап хат жолдайды. Алайда қатарынан қанша мәрте жолдаса да, Халық комиссары тарапынан елеусіз қалдырылып, еш жауап болмайды. Ақыры қызметінен кетер алдында Халық комиссариатының Шығыс бөлімінің бірінші хатшысы Цукер­ман­ның атына жолдаған соңғы хатында Нәзір Төреқұловтың өзі бар жан-тәнімен қызмет етіп отырған кеңестік билікке деген ашу-ыза байқалады: «Ескіден келе жатқан адами қарым-қатынасымызға арқа сүйей отырып, мен сізге ендігіде ойымды ашық айтуға оқталдым. Арабияның өзіме деген ерекше ілтипатына қарамастан, бұл жақ­тың адам төзгісіз климаттық жағдайында өткерген жеті жылымды мен моншаның ыстық буында жеті жыл отырғандай күйге балар едім. Ешкімді де кінәлап, жаман­даудан аулақпын, осы орайда мен өзімнің елге қайтып, кемінде 3-4 ай емделуім керектігін айтқым келеді. Бойымдағы түрлі ауруларды кетіріп, қайрат-күшіме қайта мінуім үшін емделу ауадай қажет». Бұл – 1935 жыл болатын. Осы хатынан кейін артынша Нәзір Төреқұловты басқа қызмет­ке ауыстырамыз деп шұғыл Мәскеуге шақыртады. Бірақ бұл арыстай азаматқа құрылған тұзақ еді. Себебі сол тұста тұлға­ларды Кеңес Одағының астанасына ша­қыртудың соңы тұтқындау, түрме, ату жаза­сымен бітетін. Өкілетті елшінің өмірі де солардың қатарында бір ғана оқпен үзіліп кете барды.
Болат ШӘРІПОВ, деректі фильмнің режиссері, сценарийші:
– Халқымыздың ұлы перзенті, қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат тағдырының бұлайша қиылғаны, әрине, өкінішті. Сол кездегі солақай саясатқа ашына отырып, көретін фильм жасай алсам – онда мақсатымның толық орындалғаны. Алайда әлі де толық туынды жасадым дей алмаймын, себебі Нәзір Төреқұ­лов­тың өміріне қатысты құжаттық деректер, әсіресе кадрлар табу қиынға соқты. Кеңестер Одағының астанасы болған Мәскеудің, Красно­гор­с­кінің, сондай-ақ ҰҚК-нің мұрағат­тарынан тапқанымызша алдық. Ал атамыз елшілік қызметте болған Сауд Арабиясының мұрағатын қарай алмадық. Сол себептен енді бір мүмкіндік болса, Араб еліне барып, мұрағатын қарасам ба деген ойым бар, бәлкім, көп нәрсе табармын. Егер осы ойымды жүзеге асыра алсам, онда фильмді әлі де толықтырып, жаңғыртар едім.

Дидар АМАНТАЙ, «Қазақфильм» АҚ бас редакторы:
– «Қазақфильм» 2009 жылы 30-ға жуық деректі фильмді өндіріске жіберсе, былтыр, яғни 2010 жылы олардың саны 40-тан асыпты. Бұл, сөз жоқ, жыл өткен сайын деректі фильм жанрына жан бітіп келе жатқанын көрсетері хақ. Міне, бүгін өздеріңіз көрген «Өкілетті елші» деректі фильмі елшінің сол кездердегі біздің ортақ Отанымыз болған Кеңес Одағы мен ислам әлемінің арасын жалғаған еңбегін көрсетеді. Қамтылған мұра­ғат­тық деректер мен сол кездердің кадрларына қарап-ақ туындының қаншалықты құнды екенін өздеріңіз де бағамдап отырған боларсыздар. Көрермен ретінде өзім «егер  Нәзір Төреқұлов Сауд Арабиясындағы елшілігін жалғастыра бергенде, жағдай мүлдем басқаша болар ма еді, әттең...» деген ой түйдім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста