Оймақтай оюдан ой ұға алмай жүрміз

Оймақтай оюдан ой ұға алмай жүрміз

...Театрдағы қойылымдардың бірін тамашалап отырған әже: «Сахнадағы әйелдердің бәрі жесір ме?» – деп сұрапты төбеден түскендей етіп. «Жоға, бәрінің де күйеуі бар», – деп жауап қатады жанындағы келіні. Сенер-сенбесін білмей аңтарылған қария: «Ендеше, неге киімдеріне жесір қатындардың оюын жапсырып алған», – депті. Ел аузында айтылып жүрген осы әңгіменің өзі ою-өрнектерімізден қалай ажырап бара жатқанымызды аңғартса керек.

                                                                            Мансұр ХАМИТ (фото)

Қазақтың қазіргі заманғы белгілі зергерлерінің бірі Ілияс Сүлейменов кеше Астана топырағына табан тигізді. Қолын­дағы барша зергерлік бұйымдарын ар­қалай келіпті. Ішінде әкесі марқұм Мұха­мет-Халел Сүлейменовтің «Қазақ ұлты тарихындағы Шыңғысхан дәуірі» атты кіта­бы да бар. Ол елордада өзінің тұңғыш зергерлік өнер галереясын ашып, таныс­тыры­лымын өткізді. Жоғарыда айтылған ой сол галереяны тамашалай жүріп туын­даған еді. «Қазақтың ою-өрнектері тұнып тұрған философия, жатқан бір құпия. 20 жылдан бері зерттеумен айналысып келе­мін. Қазір біз оның қарапайым ғана мәндерін түсіне алмай жүрміз. Мәселен, ер адамдарға арналған оюларды – әйел­дердің киіміне немесе кері­сін­ше әйел­дерге тән оюларды ерлердің киіміне жап­сыра береміз. Тіпті жұбай­лары бар ке­­лін­шектер мен тұрмысқа шыға қой­маған қыздар­дың өзіне арналған жеке-жеке оюлар бар.  Ал текеметтерге са­лы­н­атын оюлар есік­тен кірген адамға «төрге шығыңыз» де­ген­­ді нұсқап тұрады», – деді ол галереяның ашылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.
Ілияс Сүлейменовтің есімі берісі – Ресей, ТМД, әрісі Еуропа жұртына жақсы таныс. Италиялық даңқты зергер-дизай­нер Паола Валентинидің өзінен тәлім ал­ған шәкірті. Мәскеуде, Бременде, Цюрих қаласында қымбат тастарды бағалаудың қыр-сырын меңгерген. Бірқатар еуро­палық және халықаралық сыйлықтардың иегері. Философия ғылымының докторы. Еуропаға қазақтың қазіргі заманғы қол­данбалы зергерлік өнерін таныстырып жүр десек те қателеспейміз. Оның әрбір туын­дысынан көне сақ, түркі дәуірінің ізі бай­қалады. Алаштың исі аңқып тұрады. Айта­лық, оның талайларды тамсандырған жұ­­мыс­тары­ның бірі – «Шыңғыс хан сар­баз­дары» атты шахмат. Ақ және қара күмістен жасалған. Шахмат тақтасы қап­тал­ған былғары мен ондағы қазақы ою­лар, тіпті түрлі жауынгерлер бейнесін­дегі шах­мат тастары да қазақтың қолынан шық­қанын бірден ұғындырады. Ал алтын­мен апталған «Атамұралық қазына» атты үс­тел үстіне қоятын электр шамы қазақтың арғы тарихынан бүгінгі күніне дейінгі кезеңді қамтыпты. Аса қымбат тастармен безендірілген әшекей бұйым­дардың атау­лары да ұлттық нышанда: «Бақытты өмір», «Асыл мирас», «Күнше» сырғалары, «Тұ­мар ханшайым» тәжі, «Көк тәңірі» сақи­насы, тағысын тағылар...
«Алдымда екі жол тұрды. Біріншісі – ірі компаниялармен жұмыс істеп, қомақты табыс табу, екіншісі – өзімнің жеке брен­дімді құрып, халқымызға пайдалы іске бет бұру. Мен соңғысын таңдадым. Zerger Ilyas («Зергер Ілияс») деген студия ашып, жұ­мыс істеп жатқаныма бірнеше жыл ғана бол­­ды. Алғашқы аяқ алысымыз жаман емес», – дейді зергер. Оның айтуынша, туын­­дыларының ұлттық дәстүрге қанық болуына әкесінің де ықпалы болған. Ілияс сөз арасында былай деді: «Әкем Шыңғыс хан туралы еңбегін 10 жыл бойы жазып, жарық көргенін көре алмай дүниеден озды. Мен әкем салған оюлардың әсері­­мен бастаған «Шыңғыс аз­дары» атты шахматыма жеті жылымды арнадым. Жай ғана жауынгерлер бей­не­лерінің жиынтығы бо­лып қалмасын деп, егжей-тегжей зерттедім. Ал жасап шығуға бір ай жеткілікті болды».
«Жиенқұлға кел­генде шықпайды үнім» демекші, сөйткен даңқ­ты отандасымыз ана тіліне келгенде шо­қы­рақтап қалады екен. Өкі­нішті-ақ. Бұған ол «ғасырлар бойы жүргізілген бодандық саясатты» кі­нә­лайды. Мемлекеттік тілге қатысты сауал­дарға ол: «Жеткілікті көңіл бөлінуде. Үш тілді меңгеруге жағдай жа­салып жа­тыр. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін. Біртіндеп бәрі түзеліп келе жатыр ғой», – деп жұбату айтты.

P.S.
Айтпақшы, қазақ зергері Ілияс Сүлейменовтің қолынан шыққан құнды әшекейлер Ресей, Швейцария, Франция, АҚШ секілді мемлекеттердегі өнерді бағалайтын адамдардың коллекцияларында жиі кездеседі екен. Тіпті танымал әншілер Сабрина, Патрисия Каас, сондай-ақ Лихтенштейн князьдігінің ақсүйектері де Ілияс Сүлейменовтің туындыларын күнделікті тұрмыста пайдаланады. Кәдімгі қазақтың ою-өрнектері кескінделген әшекейлерді! Осылайша, әлемге тарап жатқан оймақтай оюларымыздың қыр-сырын өзіміз ұға алмай жүргеніміз өкінішті...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста