Нұрлан Қонысбаев "Нұр-Мұқасан" тобының таралуына қатысты өз шындығын айтты

"Нұр-Мұқасан" құрамында ән салып, қалың көпшілікке танылған Нұрлан Қонысбаев аты жер жарған топтың тарауына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Отандық әнші өзімен 25 жыл бойы бірге өнер көрсеткен досы Мұқасан Шахзадаевпен араласпай кетуіне не себеп болғанын да айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Көптен бері ел алдына шықпай кеткен Нұрлан Қонысбаев өзін танымал еткен топтың тарауы мен жақын досымен араздасып қалуы жайлы жан сырын ақтарды.

Ол "НұрМұқасан" тарауының себебін ашып, арнайы сұхбат берген Мұқасан Шахзадаевқа жауап берді.

"Біз бәріне бірге шығып, бірге жеттік. Бірақ, біз өнердегі, үлкен әлемдегі, сахнадағы ауыз бірліктің туын, көк байрағын 25 жылдан артық ұстай алмадық.

Қазақта айтады ғой "екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" дейді. Бірақ, біз 25 жыл сыйдырып келдік, қайнатып келдік.

25 жылдан кейін айналып келгенде алауыздыққа жем болдық. Біз шайтанға жем болдық.

Екеуміздің сөзге келіп қалғанымыз рас. Содан кейін, екі айдай араласпай кеттік. Сол уақытта біраз достарымыз келіп, бас қосып бізді татуластырмақ болды.

Бірақ, біз сонда да сондай шешімге келіп, қол алысып уәделестік. Менде өкініш болғанда, халық біздің бірге болғанымызды қалайды ғой.

Бірақ, біз өзара келіспегеніміздің арқасында жеке бөлек болып кеттік. Өкінсең де, өкінбесең де біз тоқтағанмен, уақыт тоқтамайды ғой. Үш жыл өтіп кетті" , - деді Қонысбаев.

Ол өнерге өзімен бірге қадам аттап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Шахзадаевпен не үшін келісе алмағанын жеткізді.

"Бізде дүние үшін дейтіндей талас болған жоқ. Бірақ, көңілім қалғаны рас. Ары қарай жалғастыруға келмейтін болғандықтан, оны осы жерден тоқтата қояйық, жеке жұмыс істейік деп бөлек кетіп қалғаным - шындық.
Кінәні әркім өзінен іздеу керек сияқты. Мен өзімді сүттен ақ, судан тазамын деп айта алмаймын. Таяқтың екі ұшы бар деп айтады ғой. Сол таяқтың ұштары қайсымызға, қаншалықты қатты тигенін айта алмаймын. Оны бір Алла ғана біледі" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мұқасан Шахзадаев өзімен бірге 25 жыл бойы ән салған Нұрлан Қонысбаевпен неге араласпай кеткенін айтқан болатын. Ол танымал топтың тарауына не түрткі болғанын түсіндіріп берді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста