Нұрлан Қоянбаевты Түркияға "көшіріп жіберген" кім
Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев отбасымен Түркияға көшіп кетуіне қатысты пікір білдірді. Белгілі әзілкеш көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Нұрлан Қоянбаев өзінің көшіп кеткені үшін алаңдаушылық танытқан жанкүйерлерін сабырға шақырды. Кинопродюсер Instagram парақшасында ешқайда қоныс аудармағанын айтып, шетелде жұмыс бабымен жүруге мәжбүр екенін түсіндірді.
 
Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаев алдағы уақытта іске асыруға ниетті жобаларымен бөлісті. Әзілкеш өз елінде көп жерден қолдау көрмейтіндіктен, өзге елде жұмыс істеп жүргенін айтып қалды.
 
"Өзім жауап берейін. Әйтпесе өсектер кқбейіп кетті. Мен көшкен жоқпын жұмыстармен жүрмін. Мен Алматыдан, Қазақстаннан, Шиеліден алыс кете алмаймын. Шетелде бір-екі ай жүрсем, қатты сағынамын. Қазір Түркияда төрт-бес ай жүріп, екі кино түсіріп жатырмыз. Түркия телевизиясына бір-екі шоу жасап жатырмыз. Солай еңбек етіп жатырмыз. Қазақстанда бәрі жақсы. Бірақ, мені барлық жерде қолдай бермейді. Сіздермен бөлісіп қояйын. Неге екенін білмеймін.
Бірақ, қолдай бермейді. Сондықтан амал жоқ неше түрлі нәрсе іздеп жүремін. Мәскеуден, Стамбілдан жоба іздеймін. Жақында Сеулде үлкен жоба істейміз. Сол себепті, қолдан келгенше үйде жата бермейін деп, сыртқа шығып жұмыс істейік деген ой ғой. Армандарым мен мақсаттарым өте көп. Соған жету үшін біраз еңбек ету керек" , - деді
 
Нұрлан Қоянбаев. Қоянбаевтың тікелей эфирде түрік еліне көшіп кеткеніне қатысты пікір білдірген видеосы qaz.stars парақшасында жарияланды.