Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес" комедиясының жалғасын түсірмек. Бұған дейін көрерменге аталған жобаның бес бөлімін ұсынған кинопродюсер ендігісін Үндістанда түсірмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Продюсер командасымен бірге түсірілім жұмыстарын бастап кетті.
Айта кетейік, Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" туындысының алғашқы бөлімі 2016 жылы жарық көрді. Тырнақалды картинасын Қазақстанда түсірген Қоянбаев бұдан кейін Америка, Корея, Африка, Түркия елдерінде комедияның жалғасын таспалады. "Қазақша бизнес Үндістанда" фильмі жобаның алтыншы бөлімі болмақ.