Нұркен Әшіров: Нұр-ағаны үлгі тұтамын

Нұркен Әшіров: Нұр-ағаны үлгі тұтамын

Домбыраның тоғыз перне, қос ішегіне қол салып тарта білгеннің барлығы күйші емес. Шын домбырашы күйді өзі түсініп, өзгеге зерделеп жеткізеді. Домбырашы, күйші Нұркен Әшіров күйшілікті мамандық ретінде ғана қабылдамай, қоңыр үнді киелі «ағашқа» жан бітіріп, сөйлете білу өнерін өмірім деп біледі. 21 сәуір күні Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның орталық концерт залында күйші Нұркен Әшіровтің тұңғыш жеке концерті өтпек. Соның қарсаңында жас күйшіні әңгімеге тарттық.

Mерей
• 2000 ж. ХХІ республикалық жас орындаушылар байқауы – Бас жүлде
• 2002 ж. Қали Жантілеуов атындағы республикалық домбырашылар байқауы – І орын
• 2003 ж. Халықаралық «Шабыт» фестивалі – ІІ орын
• 2006 ж. Құрманғазы атындағы республикалық домбырашылар байқауы – І орын

– Нұркен, көбісі домбыраны му­зыка мектебінде нота арқылы, енді біреулер зейін қойып тыңдау арқылы үйренеді. Киелі қара домбыраны өзің­із қалай қолға алдыңыз?
– Әкем Нұрғали да, нағашы жұртым да – дәстүрлі ән-күй өнеріне жаны жа­қын адамдар. Олардың ешқайсысы нота танымайды. Кішкентай күнімнен әкем­нің домбырамен салған әндерін естіп өскендіктен, домбыраның үні құлаққа жат емес. Төрт-бес жасымнан әкемнің дом­бырасын сүйретіп жүріп, құлақпен тыңдау арқылы үйрендім ғой. Алғашында ән салуды үйреткен әкем кейіннен күйге ден қойғызып, оған да баулыды. Ал музы­калық кәсіби білімді республикалық А.Жұбанов атындағы мектепке келген соң толықтыра түстім.
– Қазақтың күй өнері төкпе, шертпе болып екіге бөлінеді. Бұлардың қай­сысы жаныңызға жақынырақ? Кімнің күйлерін сүйіп орындайсыз?
– Мен үшін қазақ елінің барлық айма­ғының күйлері бірдей, бөліп-жар­маймын. Кәсіби домбырашыға оң-те­рісі болмауы керек. Десек те, бала күнімнен құлаққа сіңген, алғаш үйренген Нұрғиса Тілендиев атамыздың «Аққу», «Әлқисса» күйлері жүрегіме ерекше ыстық. Нұр­ғиса атамыз­дың атындағы «Отырар са­зы» оркестрінде концертмейстер, же­ке домбырашы бол­ып істеуімнің өзі кез­дейсоқ емес деп білемін. Өнер жолын­дағы үлгі тұтар күйші атамның атындағы оркестрде жұмыс істеп, сол жерде ең­бек жолымды шыңдауыма мүм­кіндік туғанына да шүкір деймін.
– Асқан шебер домбырашылық үлкен еңбекті талап етеді. Жүрдім-бар­дым дай­ын­далған адамнан мықты орын­дау­шы шықпасы аян. Нұркен, өзіңіз қалай дайындаласыз?
– Дайындық жүргізетін арнайы күн тәртібім жоқ. Әйткенмен, домбырамды қасымнан бір күн де қалдырмай, алып жүремін. Шабытым келіп тұрса, уақыт та, орын да таңдамаймын. Күй тартқым келіп тұрса, барлығын ысырып қойып, төрт-бес сағатқа дейін тапжылмай отыра берем.
– Дәстүрлі ән-күйді елдің бәрі сүйіп тыңдайды, бірден-бір сұранысқа ие өнер деп айта алмаймыз. Тіпті той-томалаққа да сіздерді сирек шақы­рады. Ақысын да ешкім жарытып төлемейді. Осындай жайттарды ой­лап, домбырашылықты біржолата тас­тап, басқа мамандыққа ойысып кеткіңіз келген кездер болды ма?
– Ондай ой ешқашан туған емес. Себебі мен өнерді сүйемін. Ақшаға белшесінен бататын экономист, заңгер болып кетуге қабілет-қарымым толық жетеді. Бірақ басқа саланы жаным қаламаса, үнемі домбырамды, күйімді аңсап тұрсам, қалай жүрем?!. Өзімнің де ептеп күй жазатыным бар. Егер өнерімді тастасам, бойымдағы талантты тұншықтырып, өнерге қиянат жасағаным болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста