Мұхтар МАҒАУИН: Әлем елдері Шыңғысханға таласып жатса, қазақ қашып әлек
Бүгін қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин Алматы қаласындағы Орталық мұражайға бірқатар бағалы жәдігерлер өткізді, – деп хабарлайды «Алаш айнасының» тілшісі. Сонымен қатар, соңғы сегіз жылдан бері шет елде тұрып жатқан жазушы оқырмандарымен де жүздесіп, аз кем әңгімелесті.
Ол өз шығармашылығы, соңғы жылдарда жазған Шыңғыс хан туралы 3 кітабы, жалпы бүгінгі қазақтың әдебиеті мен мәдениеті жайлы ой-толғамдарын ортаға салды.
Мұхтар Мағауиннің оқырмандармен сұхбатының аудио нұсқасын мына жерден тыңдаңыз...
Мұражай директоры Нұрсан Әлімбай жазушының иығына шапан жапты. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Желтоқсанда отаршыл жүйе қазақ жастарының басында мына шүберек пен газетке оралған темірмен "әңгіртаяқ" ойнатқан... Жазушы қанды күндерден қалған бұл жәдігерлерді Желтоқсан көтерілісінен кейін алаңнан тауып алғанын айтады... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Түрлі қамшылар... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Керей руының таңбасы... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Жазушы мына керей тұмақтың тарихы жайлы толғап тұр... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Түйенің табанынан жасалған - оқшантай... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Мағауиннің "Шыңғыс ханы" ©Нұрғиса Елеубеков (фото)
М.Мағауин қолына қалам ұстаған кейінгі буынға батасын берді... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)