Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын тірілте алмай отырмыз

Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын тірілте алмай отырмыз

Жуырда Мәжіліс отырысында Еуропа мойындаған Мұстафаны қазақтың өзі де жоғары дәрежеде ұлықтауы тиістігі көтеріліп, депутат Шалатай Мырзахметов сауал жолдаған еді. Осыған орай, Түркиядағы шоқайтанушы ғалым бауырымыз, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара өз ойын білдіріп, редакцияға үлкен хат жолдаған екен. Осы орайда біз түркиялық қаламгер, ғалым бауырымыздың кейбір пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

Азаппен келген азаттық
Қазақстан Тәуелсіздікке және 20 жыл­дыққа оңай келген жоқ. Бұл – ата-ба­ба­ла­рымыздың ғасырлар бойы аңсаған, азап­пен келген Азаттығы. Осы үрдісте бол­ған қиыншылықтарды әрдайым еске алып отырмасақ, Тәуелсіздіктің, бүгінгі қол жет­кен жетістіктердің қадір-қасиетін бі­ле ал­май қалуымыз мүмкін. Сол үшін 20 жыл­дық­ты жан-жақты және әділ өт­кі­зуіміз қа­жет. Тарихшы ретінде осы атап өту­лерде та­рихи оқиғалар мен тұлғаларға бас­ты орын беріледі деп сенемін. Қа­зақ­станның Тәуелсіздік тарихын басты екі кезеңге бөліп қарауға болады: Қа­зақ­стан Тәуел­сіз­дік алғанға дейін және Тә­уел­сіздіктен ке­йін. Мұның біріншісі бізге Тә­уелсіздіктің оңай келмегенін көрсетеді. Ре­сей патша­лы­ғымен Кеңес Одағы кезінде қа­зақ хал­қы­ның Тәуелсіздік арманына же­ту үшін жан­қияр­лықпен жасаған ер­лік­терін ортаға салады. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тай­ман­ұлы, Махамбет Өтемісұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұстафа Шоқай, Желтоқсан құр­бан­дары, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Аса­нова сынды қазақ арыстарының өмір жол­дары, күрестерін жан-жақты ортаға са­лып, халқымызға, жастарға, тіпті бүкіл әлем­ге таныстыратын іс-шаралар өт­кі­зіл­ге­ні дұрыс. Өйткені бұл әлемдегі қазақтар және өзге Орталық Азия халықтары Кеңес Одағы өздігінен шаңырағы опырылып құ­ла­ғаннан кейін Тәуелсіздікке оп-оңай қол жет­кізді, олар Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым­ды білетін өркениетті халықтар емес деген пікірлерге тойтарыс болар еді. Осындай жаңсақ пікір болғаны үшін олар­ды айыптауға да болмайды. Өйткені хал­қы­мыздың Тәуелсіздік жолындағы кү­рес­те­рін алдымен өзіміз әлемге жария етіп та­ныт­пасақ, өзгелерге қазақ халқының та­ри­хын дұрыс білмегені үшін қалай сын ай­та аламыз? Міне, осы орайда Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Түрік академиясын құ­ру идеясы өте маңызды. Бұл академия, өз­деріңізге белгілі, түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, әлемге таныстыруды мақсат етеді.
Башқұрлардан да үйренеріміз бар
Еліміздің Тәуелсіздігіне дейінгі кезеңде хал­қының жарқын келешегі үшін аянбай күрес жүргізген тарихи тұлғалар жайында жіпке тізіп айта берсек, түбірін талдап та­уы­са алмаспыз. Дегенмен әрбір кезеңнің сим­волдық маңызды тұлғасы болады. Осы кезеңнің де символ тұлғасының бірі Мұс­тафа Шоқай болса керек. Сондықтан басқа Тәуелсіздік қайраткерлерінің ара­сын­да 20 жылдықта Мұстафа Шоқайға ерек­ше орын беріп, Қазақстанда және әлем елдерінде таныстыратын іс-шаралар­дың өткені дұрыс. Сонымен қатар Қазақ­стан­ның 20 жылдық іс-шараларына бүкіл әлемнің зер салып мұқият қарап отырған­да­рын еске сақтау керек. Бұл шаралар Қа­зақ­стан халқының Тәуелсіздік ұғымы ту­ра­сындағы түсінігінің қандай екендігі туралы сыр шертеді. Осы орайда Башқұрдстанның Зә­ки Уәлиди тұлғасын асқақтатудағы әділ­дігі еске түседі. Өздеріңізге белгілі, Зәки мен Мұстафа өз елдерінің Кеңес Одағынан Тәуелсіздік алу жолындағы күресінде үзең­гілес болған. Екеуі де Алаш Орда кө­семі Әлихан Бөкейханның ұстаздығында сая­сатқа тәрбиеленген. Екеуі де Еуропа ел­дерінде Кеңес Одағына қарсы идеялық кү­рес жүргізген. Екеуі де 1890 жылы туған. Өткен жылы Зәки Уәлидидің ту­ға­нына 120 жыл толуына байланысты Баш­кұрд­станда, Түркияда және басқа да әлем елдерінде бірқатар іс-шаралар өткізілген. Осы іс-ша­ралардың бірқатарын Анкара­да­ғы ТҮРК­СОЙ ұйымы ұйымдастырды. Бі­рақ ұйы­мның Қазақстандағы тарапын Мұс­тафа Шоқайдың 120 жылдығы туралы 2010 жылы тұшымды іс-шара өткізбегенін қа­лай түсінуге болады? Башқұрдстан Ресей құ­рамында автономиялы мемлекет ре­тін­де өзінің белгілі тарихи тұлғасына мұражай ашып, әлем елдерінде іс-шаралар өткізіп отыр­ғанда, Тәуелсіз Қазақстан мем­ле­ке­ті­нің өзінің тарихи тұлғасына бейжай қа­ра­уы түркі әлемін біраз «таңғалдырды» де­сек те болады. Кеңес Одағы ыдырағаннан бас­тап башқұрлар осы біртуар арысы Уә­ли­дидің тарихи тұлғасына жоғары мән берген. Оның әлемдегі шашырап жатқан мұралары жинақталып, Уфа қаласында ашыл­ған мұражайға орналастырылған. Сон­­дықтан депутаттардың Астанада Мұс­та­фа Шоқай атында мұражай ашу талабы өте орынды. Сөйтіп, оның әлемде жеке адам­­дардың қолында шашырап жатқан мұ­­ра­ларын жинақтауға мүмкіншілік болар еді. Тіпті сол мұражайды «Мұстафа Шоқай. Қа­зақстан Тәуелсіздік мұражайы» деп ат қойып, Мұс­тафа Шоқаймен бірге Қа­зақ­стан Тә­уел­сіздігіне қызмет еткен бүкіл ары­сы­мыз туралы деректер, мұралар және мә­лі­мет­­тер­ді сонда жинастыруға болар еді. Бұл жас ұрпақтың және шетелдіктердің қа­­зақ халқының қасиетті Тәуелсіздік үшін кү­­рес тарихын нақты көріп-білуіне қызмет етер еді.
Тәуелсіздігімізді тарихи тұлғалары­мыз­ды дәріптеу арқылы сақтап қала ала­мыз
Қалай айтсақ та, Тәуелсіздік тарихы­мыз­дың арғы-бергі кезеңдерінің қай-қайсысы болсын қазақ қоғамы үшін өте маңызды. Бірінші кезеңде аталып өткен ұлы тарихи тұлғалар қол жеткізе алмаған Тәуелсіздік арманына осы кезеңде қол жеткізілді. Міне, мұның өзі 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстанның Тәуелсіздік декларациясының маңыздылығын аша түсетіні анық. Сол кездегі Қазақстанның Тә­­уелсіздігі турасындағы әлемдік реак­ция­­­ларға қарағанымызда, Қазақстанның бо­лашағы үшін аса пессимистік пікірлердің ай­­­тылғанын көреміз. Мәселен, Колгейт уни­­­верситетінің профессоры, Сыртқы сая­сат зерттеулер институтының қызмет­ке­рі және «Қазақтар» атты монографиялық еңбектің авторы Марта Брил Олкот былай деген еді: «...Орталық Азия халықтарына тән қасиеттің бірі – олардың Кеңес Ода­ғы­ның ыдырауынан бұрын Тәуелсіздік үшін ашықтан-ашық ұмтылыс пен тал­пы­ныс жасағанын көрмейсіз. Аталмыш ай­мақ ха­лық­тарының бостандық үшін күрес жүр­гізбеулері олардың Тәуелсіздікті қала­ма­ғандықтарынан емес. Дей тұрғанменен де олар тәуелсіз ел болу мүмкіндіктерінің бар екеніне сенген жоқ». Осылайша пікір өр­біт­кен бірқатар шетел сарапшылары Қа­зақ­станның жарқын болашағына күмән кел­тірген болатын. Мұндай пікірлерді айта бер­сек таусылмайды. Бірақ Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан бүгінгі дамыған 50 елдің қатарына шығып отыр. Бұл осыдан 20 жыл бұрын болжам ретінде айтылса, адам сенгісіз жағдай болар еді. Жалпы айтқанда, Қазақстан мемлекетті қа­лып­тас­тыру мен халықаралық қатынастарда осыдан 20 жыл бұрын ең оптимистік саяси сарапшының өзі болжай алмаған ірі жұмыстарды атқарды. Президентті ұлық­тау салтанатында сөйлеген сөзінде Нар­ғыз Иманғазы деген астаналық бүл­ді­ршін ақын қыздың мына сөздерін келтірген еді:
Тәуелсіздік, атың қандай киелі!
Сені қорғау – әр қазақтың парызы,
Әр қазақтың сен деп соғар жүрегі!
Тәуелсіздік – қандай ғажап бұл ұғым!

Осы бір қаршадай қыздың айт­қа­нындай, Тәуелсіздік дегеніміз – аса киелі ұғым. Оны қорғау – бүкіл қазақтың па­ры­зы. Сондықтан қазақ халқының сана­сы­на осы киелі ұғым мен міндетті сіңіру үшін Тәуелсіздікке еңбек еткен арыстарымызды бағалай білуіміз керек. Осы орайда Мәжілісте бастама көтерген Шалатай Мыр­захметов бастаған 20 депутатқа алғы­сым­ды айтамын. Бұл бастамаға билік пен зия­лы қауым тарапынан оңды жауап бе­ріледі деген сенімдемін.
Сөз соңында: 1941 жылы 27 желтоқсан күні дүние салған Мұстафа Шоқай енді тірілмейді. Бірақ Кеңес Одағы кезінде қазақ халқын құл қылып бодандықта ұс­тау­ға бағытталған мақсаттармен күрескен Мұс­тафадай маңызды тұлғалардың атына қара күйе жағылғаны аян. Әйтсе де біз әлі де талай Алаш арыстарының аяулы есім­де­рін қайта тірілтіп, ұлтқа болысатын іс­те­рін жандандыра алмай отырғанымыз өкі­ніш­ті. Қазақстанның айтулы мерекесі – Тә­уел­сіздігіміздің 20 жылдығында Мұстафа Шо­қайдың дүниеден қайтқанына 70 жыл толып отырғанда, рухының туған хал­қы­мен қайта қауышуына жағдай жасалса, нұр үстіне нұр болмақ. Өйткені тарихи тұл­ға­ларымызды дәріптеу арқылы Тә­уел­сіз­дік­ті сақтап қала алатынымызды ұрпаққа сі­ңіруіміз қажет. Елдігімізді ел болып ой­ласайық, бауырлар!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста