Мүсін өнері неге көңілден шыға бермейді?

Тұғырлы тұлғаларға ескерткіш орнату әрбір ұлттың басты міндеті болса керек-ті. Бұл жөнінен ешбір елден кенде емеспіз. Еліміздің қай бөлігіне барсаңыз да, алдыңыздан сан алуан ескерткіштер кезігеді. Өткен өмір өрімінде елге, халыққа, туған жерге өлшеусіз еңбек сіңірген елеулі жандарды осылайша ұмыт қалдырмай жүргеніміз қуантады. Ол біздің тарихымызды бағалайтын зиялы ұрпақ екенімізді көрсетеді. Дегенмен осы тұрғыда кейде асығыстық жасап алатын әдетіміз де бар. Белгілі бір тұлғаның мерейтойы қарсаңында асығыс-үсігіс ескерткіш орнатқан боламыз. Өкінішке қарай, сол тастұғыр үстіндегі бейне кейбір жағдайда атаулы тұлғаның кескін-келбетінен алшақ кетіп жатады. Бір қызығы, қазір осындай олқылықтар көбейіп кетті. Сонда бұл көз алдау ма? Әлде мүсіншілердің қабілет-қарымы соған ғана жете ме?

  Абай ОМАРОВ (коллаж)

Осындай сансыз сауал көп­шіліктің көкейінде жүргені белгілі. Шындығында, ескерт­кіш белгілі бір уақытқа немесе мер­зімге қойылмайды. Тас­тұ­ғыр кейінгі ұрпаққа мәңгілікке естелік болып, мәдени мұ­ра­ның бірі болып саналады. Біз­де­гі асығыс жасалған туын­ды­лар ұзақ тұрмақ түгіл, бір-екі жыл­дың өзінде де мүжіліп, үгітіліп, қурап қалып жата­ты­нын көріп жүр­міз. Қысқаша айт­қанда, ескерт­кіштер мәсе­лесін естен шы­ғаруға бол­май­ды. Ортақ типо­ло­гия­лық бел­гілері бойын­ша ескерт­кіштер негізгі төрт түрге бө­лі­неді. Атап айтқанда, олардың қатарына архео­ло­гия­лық, та­ри­хи, сәулет өнері және мо­­ну­мент­тік (мүсін) өнері ескерт­­кіш­тері жат­қызылады. Оған қоса адам­заттың көне за­ман­нан бүгінгі күнге дейінгі тар­қа­тыл­ған, өткен шақты көз ал­дыңа келтіретін қайталанбас құн­ды­лықтар мен қастерлі мұра­лар­ды ескерткіш деп атау қалып­тасқан. Кең-байтақ дала­мызда қаншама мәдени мұра­лар бар­шылық. Тіпті тау-тас­та­ры­на қашалып жазылған жазу­­лар­дың өздері біздің ата-баба­­лар­дың мүсіншілік өнерді шебер меңгергенін аңғартады. Ол мәдени мұралар қаншама ғасыр­дан бері мүжілмей, бүгінгі күнге дейін аман-сау жетіп отырған жайы бар. Ал бү­гінгі күні жасалып жатқан ескерт­кіш­терді сондай уақытқа дейін жете алады деп ешкім де айта алмас. Өйткені кейбір ес­керт­кіштер талғамсыз, еш­қан­дай талапқа сай келмейтін жағдайда салы­нып кеткені – шындық. Оны бақылаған ешқан­дай меке­ме жоқ. Тіпті олар­дың кейбірі ешқандай тір­кеуге алына қой­мапты. Қысқасы, бұл тұрғыда қолға алатын істердің көп екенін аң­ғаруға болады.
Бүгінгі күні мүсінші мамандығы арнайы оқытылады. Қаншама жыл бойы көз майын тауысып білім алып, одан кейін еліміздің түкпір-түкпірінде мүсіншілік өнерді өрге сүйреп жүргені де баршылық. Десе де, кейбір жағдайда алдымен қаржы мәсе­ле­сіне баса назар аударып, басқасына бас ауырта бермейтін шығармашылық иелері жоқ  деп ешкім дау айта алмайды. Мәсе­лен, ескерткіш орнатуға лайық деп таныл­ған тұлға батыр болса, ол міндетті түрде аттың үстінде отырады, болмаса жауға қарсы шауып бара жатады. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мүсіншілердің жасаған дүниесінен еш­қандай ізденісті, жаңа­шыл­дық­ты байқау өте қиын. Ескерткіш өлілерге орна­тыл­май­ды, тірілер белгілі тұлғаның өмір жолынан өнеге алсын деген ниетпен жасалады. Көбі осы талапты түсіне бер­мей­тіні жасы­рын емес. Ең бастысы, ескерт­кішті орнат­тық, тойды жасадық, өйттік-бүйт­тік деген жалаң ұранға арқа сүйеп бара жатқанымыз ойлантады.
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Қызылорда облысының әкімі:
– Біз ескерткіш қою мәселесінде қан­дай тәртіпке сүйенеміз? Олардың талапқа сай еместігі қарапайым адам­ның өзіне де аңғарылады. Жалпы, әр­бір ескерткіш жергілікті биліктің ке­лі­сі­мімен жасалады емес пе? Сондықтан оның архитектурасы, ерекшелігі айқын­далып, оны қоятын орын да нақтылануы тиіс. Елімізде алтын қолды мүсіншілер баршылық. Олардың жа­са­ған дүниесіне көзің сүйсінеді. Алайда осындай көрікті ескерткіштер сәнін бұзып тұратын туындыларды жасайтын кейбір мүсіншілер де кездесіп қалады. Кейбірінің жасаған дүниесінде еш­қан­дай ізденіс байқала бермейді. Кейбірі тұлғаның өмір жолынан хабарсыз бо­ла­тыны жасырын емес. Ендігі кезекте біздің облыста мұндай жөнсіздікке жол берілмейді. Осындай әрбір орын қатаң бақылауда ұсталатын болады. Ендігі кезекте облыстық комиссия шешімінсіз ешқандай ескерткіш орнатуға рұқсат берілмейді.

Қазақ тарихында Сыр өңірінің алатын орны ерекше. Бұл өлкеде біздің халқымыз үшін өте маңызды саналатын талай ұлы оқиғалар болғаны белгілі. Сондай-ақ ұлты­мызды ұйыстырған тұғырлы тұлғалар да осы топырақта кіндігі кесіліп, айдай әлем­де атағы мен абыройы асқақ болды. Алайда сондай мақтаныш тұтатын адамдар мен оқиғаларды бүгінгі ұрпақ қалай ба­ға­лап жүрміз? Оларға қойылатын ескерт­кіштер талапқа сай келе ме? Жақында облыс көлемінде орнатылған ес­керт­кіш­тер­ді түгендеу, мемлекеттік тізімге алын­ба­ған ескерткіштерді анықтау және олардың жай-күйін зерттеу жөніндегі облыстық комиссия сондай орын алған олқылықтар бар екеніне көз жеткізді. Сыр өңірінде бар­лығы 489 тарихи және мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған екен. Оның ішінде 21-і – республикалық, 274-і жер­гі­лікті маңызы бар деп есептеледі. 2009-2012 жылдар аралығында облыстық бюд­жет есебінен 280 ескерткіштің төлқұжаты жа­ңаланған. Өкінішке қарай, облыста мем­лекеттік тізімге алынбаған қала құры­лы­сы және сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан азаматтарға арналған ескерткіштер саны басым. Олардың басым бөлігі қайта қал­пына келтіруді қажет етеді екен.
Соңғы жылдары елдің игілігіне ай­нал­ған кейбір ескерткіштер жұртшылық кө­ңі­лінен шыға бермейді. Мәселен, Қызыл­ор­да қаласында белгілі қаламгерлер Сақ­­тапберген Әлжіков пен Зейнолла Шү­кі­ровке арналған мәдени дүниелер осы сөзімізге дәлел бола алады. Сондай-ақ қаланың «Арай» шағын ауданындағы қу­ғын-сүргін құрбандарына арналған кешен де көп жылдан бері қараусыз қалған.
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, Қызылорда қала­сының әкімі:
– Қуғын-сүргін құрбандарына ар­нал­ған кешен маңын абаттандыру, реттеу шараларын таяу арада қолға ал­ғалы отырмыз. Оған ұзақ жылдан бері мән берілмей келгені рас. Сонымен қа­тар кейбір орындарда ретсіз қойылған ескерткіштерді тиянақтау мәселесіне де көңіл бөлеміз.

Әлемде белгілі адамдарға тастұғыр ор­натуға өте ерте заманнан бері көңіл бөлініп келеді. Әсіресе ежелгі Грекия мен Италия­да ондай мәдени құндылықтар саны көп екенін білеміз. Ал біздің елімізде ескерткіш орнатуға 1940 жылдан бері назар ауда­рылып отыр. 1947 жылы Алматы қала­сын­да алғаш рет Аманкелді Имановтың ескерт­кіші бой көтерген екен. Одан бергі уақытта Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев сынды белгілі адамдарға тастұғыр орна­тыл­ды. Олардың барлығы дерлік қазіргі таңда көркі көз тартатын тамаша туын­дыларға айналып отыр. Өкінішке қарай, бүгінгі күндері көптің көзайымы бо­ларлық дүниелердің көбі халық талға­мынан шыға алмай жүр. Жоғарыда аталған жағдай тек бір өңірдің ғана емес, еліміздің барлық аймағына тән құбылыс екенін білеміз. Сондықтан әрбір дүниеге жауап­кершілікпен қарап, ескерткіштің елдігімізді дә­лелдейтін туынды екенін сезінсек дейміз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста