Момышұлы жәдігерлері жұртшылыққа ұсынылды

Момышұлы жәдігерлері жұртшылыққа ұсынылды

Кеше Алматыдағы республикалық кітап мұражайында Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына байланысты «Халық батыры» атты көрме жұмысын бастады. Салтанатты шарада қаһарманның көзін көрген және рухани мұрасын зерттеп жүрген ел ағалары естелік әңгімелер айтып, жастарға ғибратты сөздерін арнады.

Республикалық кітап мұражайының директоры, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының айтуынша, елмен бірге бұл айтулы күнді мұражай ұжымы да асыға күткен. Көрмені дайындап, халыққа көрсету үшін бір жыл бойы дайындық жүргізген. Осы уақыт аралығында мұражай мамандары Момышұлынан қалған естеліктерді жинаумен белсене айналысып, ол туралы тарихи құжаттарды жинауға бар уақыттарын сарп еткен.

«Бауыржан Момышұлы – өте терең ойлы, нағыз батыр тұлға. Оның жасаған ерліктері, айтқан сөздері ұрпаққа мол өнеге береді. Мұндай жан өте сирек туады. Біздің мұражай қорында батырдың қолжазбалары, кітаптары, басқа да құнды дүниелері сақталған.

Соны бүгін халыққа ұсынып отырмыз. Әсіресе, жастардың бұл көрмені көріп, тәлім алғаны жөн», – дейді Н.Қапалбекұлы. Кітап мұражайы көрмеге батыр кітаптарының алғашқы нұсқаларын, қолжазбаларын, хаттарын, майданда жазған дәптерлері мен фотосуреттерін ұсынған. Сондай-ақ батырдың «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Қанмен жазылған кітап», «Айтылмаған ақиқат» атты кітаптары, «Өнер» баспасынан шығып жатқан көптомдықтары, «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотоальбомы да орын алды.

Мәліметтерге сүйенсек, Б.Момышұлының бізге жеткен 3000-нан астам фотосуреті, 15 мыңнан аса хаты бар. Батырдың атындағы қор жақында «Өнер» баспасынан батырдың қолжазба, мұралары жинақталған 15 томдық кітапты жарыққа шығарды. Тағы 15 том кітап дайындалу үстінде.

Ким Серікбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, запастағы полковник:
– Бауыржан Момышұлы — менің пірім. Менің Бауыржан туралы екі кітабым жарық көрді. Біз атамыз алдында мәңгілік қарыздармыз. Өз басым Б.Момышұлының жасаған ерліктері мен ұлағатты сөздерін кейінгі ұрпаққа таныстыруды міндет деп санаймын. Баукеңді мен алғаш рет 1975 жылы Алматыға дәріс алуға келгенде көргенмін. Аңыз тұлғадан дәріс алғанымды бақыт санаймын. Менің полковник деген атақ алып, құрметті болып жүргенім Бауыржан Момышұлының арқасы деп есептеймін.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста