Мөлдір Әуелбекова: Көпшілік Төреғалидің бәрібір Мейрамбекке жетпейтінін айтты

Мөлдір Әуелбекова: Көпшілік Төреғалидің бәрібір Мейрамбекке жетпейтінін айтты

Жуырда ғана қалың көрерменге ұсынылған атышулы Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекованың жаңа бейнебаяны қатаң сынға ілікті. Бұған дейін Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиеваның орындауында кеңінен таралған әнді кей тыңдарман жаңа нұсқада қабылдай алмай жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

«Сыни пікірлер айтып жатқандар өте көп. Көпшілік «Мейрамбекке жете алмайсыңдар, ол кісілер сияқты айта алмайсыңдар» деп жазып жатыр. Біздің мақсат - аға-әпкелерімізден асып түсу емес. Ол кісілер әбден жетеріне жеткізіп, орындап шыққан әншілер ғой. Біз сол ескі әндерді қайта жаңарттық. Қазіргі жаңадан өсіп келе жатқан ұрпақ ол әндерді білмеуі мүмкін ғой. Мейрамбек Бесбаев сияқты айта алмайтын да шығармыз», - деді Әуелбекова.

Бұл әнді олар алғаш рет Төреғалидің «Айхай 25» атты кешінде орындаған. Әдетте бейнебаян түсірсе қаржыны теңбе-тең бөлетін Төреәлінің ұлы бұл жолы жомарттық танытып, бейнебаянның шығынын жалғыз өзі көтерген.

«Сол кезде Алтынбек Қоразбаевтың екі әнін қатар орындадық. Енді ескі ән болса да, есті ән деп ойлаймын. Сондықтан тамаша әндерді орындауға мен бірден келістім. Концерт аяқталған соң Төреғали: «Екі әнге бейнебаян түсірейік» деді. Барлығы сол Төреғалидің идеясы. Қаржының барлығы Төреғалидің қалтасынан шықты», - дейді Мөлдір.

Олар бейнебаян түсірмес бұрын ән авторының рұқсатын алған. Енді Алтынбек Қоразбаевтың бұл әні Төреғали мен Мөлдірдің меншігінде.

«Мен орындамас бұрын рұқсат алу туралы бірден сұрадым. Төреғали ән авторы - Алтынбек Қоразбаевтан рұқсат алғанын айтты. Бұдан кейін тағы екінші ән бар. Ол ән де халықтың құлағына сіңіп қалған танымал туынды. Қолдан келгенше әнді жаңаша нұсқада шығаруға тырыстық», - дейді Мөлдір.

Мөлдір атышулы әріптесінің Павлодар сахнасындағы ерсі қылығына қатысты пікір де білдірді.

«Төреғалимен жұмыс жасап жатқаныма екі айдан асты. Әзірге ешқандай жағымсыз ситуациялар болып жатқан жоқ. Біздің әріптестік қарым-қатынасымыздың соңы ұрыс-керіспен аяқталады деп ойламаймын. Ұрыс неден туындайды? Екі жақтың түсініспеушілігінен болады. Біздің арамызда ондай келеңсіз жайттар болған жоқ. Болмайды деп ойлаймын. Қазір жұмыс жасап жатырмыз. Ауыз толтырып айтатындай бұзық бала, жүріс-тұрысы дұрыс емес деп айта алмаймын. Жұмысқа келеді, тапсырманы орындаймыз, қайтамыз. Бәрі жақсы», - деп сөзін қорытындылады Мөлдір Әуелбекова. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста