Міржақып мұражайы ашылды

Биыл Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатовтың туғанына  125 жыл толды. Осы орайда, Қостанай қаласында М.Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университеттің негізінде ұлтым дегені үшін «ұлтшыл» атанып, арманда кеткен асыл арысымызға арналған мұражай ашылды. Бұл салтанатты рәсім «Дулатов оқулары – 2010» халықаралық конференциясымен жалғасты.
Алаш қайраткерінің «Оян, қазақ!» деп өксікпен өткен өмірін, шындықпен шың­дал­ған шығармашылығын, қиын-қыстау кезеңдегі қызметін саралаған конферен­цияны М.Дулатов атындағы ҚИЭУ-ның рек­торы, профессор Сәбит Есмұратов ашып, тарих ғылымының докторы, ҚР Президенті жанындағы мемлекет және құқық институ­тының профессоры Ханкелді Әбжанов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекет басқару Академиясының профессоры Сейіл Байма­ғамбетов, ҚР Ғылым академиясының про­фессоры Виль Галиев және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагоги­калық институты ректорының кеңесшісі, жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы сынды елге елеулі зиялы қауым баяндама жасады. Ал Дулатов өмірінің қиын кезең­дері туралы сыр шерткен қаламгер, отстав­кадағы подполковник Ғалихан Мәулетовтің Ахаң мен Жақаңның ақталуы үшін тікелей еңбек еткен азаматтардың бірі болған­ды­ғын көпшілік ерекше ықыласпен қабылда­ды.
Жаңа ашылған мұражайда ақынның кеуде мүсіні, Торғайдағы мұражайдан әкелінген жәдігерлер көшірмелері, туған жеріне арнайы барып келген экспеди­ция­ның жұмыс нәтижесі және Жақаң жайлы естелік кітаптар жиналған жұрттың назары­на ұсынылды. Алдағы уақытта Қостанай өңірінен табылған Міржақып Дулатовқа қатысты құнды мұрағаттар осы мұражай­дың төрінен табылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста