Министр Қалдыбай Әбенов пен Герольд Бельгердің жағдайын назарына алды
Елімізде көмекке мұқтаж зиялы қауым өкілдерінің жағдайы Мәдениет және спорт министрлігінің назарында тұр. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ-нің брифингінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге сұхбат беру барасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Аллажар" фильмінің режиссері Қалдыбай Әбеновпен тікелей араласқанмын. Оның ұстаздық еңбегін де жоғары бағалаймыз. Оның қазіргі уақыттағы денсаулығы бізді алаңдатады. Ол кісіге "Қазақфильм" мекемесі арқылы көмек береміз", - деді Мұхамедиұлы.Естеріңізге сала кетейік, еліміздің БАҚ өкілдері осыдан төрт жыл бұрын инсульт пен инфаркт алған Қалдыбай Әбеновтің денсаулығы нашарлап бара жатқанын хабарлаған болатын.
Министр сонымен қатар, өткен аптада жансақтау бөліміне түскен қоғам қайраткері Герольд Бельгердің де денсаулығына алаңдайтынын айтты.
"Жақында ғана ауыр халде ауруханаға түскен Герольд Бельгердің де жағдайы бізді ойлантады. Дәл сол кісідей қазақ тіліне жанашырлық танытқан адамдар өте аз. Оның еңбегін қоғам жоғары бағалайды. Біз мұндай азаматтарды мемлекет қамқорлығынан тыс қалдыра алмаймыз", - деді министр.
Айта өтейік, танымал қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист, әдебиеттанушы Герольд Бельгер 21 қаңтардан бері Президент істерін басқару медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасындағы жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның бұрыннан бері жүрегінің ауыратыны анықталған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу