«Менің пірім – Сүйінбай...»

Жетісудың кіндік қаласында жыр сүлейі Сүйінбайдың тас мүсіні тұғырға қонды. Талдықорғанда құрылысы аяқталуға шақ қалған Спорт сарайының алдына қойылған ескерткіш шаһардың шырайын арттыра түспек.

Осыдан бірер жыл бұрын өңірдегі зиялы қауым Сүйінбай ақынның ескерткішін орнату туралы ұсыныстарын білдірген болатын. Көпшілік пікірін қолдаған облыс әкімі Серік Үмбетов ескерткіштің жасалып, орнатылуын тікелей өзі қадағалаған.
Сәулетші Қазыбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Азғамбетовтің қолынан шыққан қоладан құйылған мүсіннің биіктігі 4,2 метр болса, ескерткіштің өзі – 10 метр. Ал оның құрылысын «Аркон-Қазақстан» фирмасы жүргізді. Бұл – облыс әкімі Серік Үмбетовтің бастамасымен қойылып отырған 43-ескерткіш.
Спорт сарайы тек спорттық шаралар үшін емес, өңірдің рухани-мәдени нысанының бірі ретінде қызмет етпек. Сондықтан ескерткіштің Алматыдан қалаға кіреберістегі әмбебап кешеннің алдына қойылуы орынды. Жетісудың орталығына келген әр жолаушы енді тас тұғырға алыстан көз тастап, тағзым ете жүретін болады.

Серік Үмбетов, облыс әкімі:
– Жамбыл бабамыздың өзі «менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп бас иіп өткен жыр сүлейінің ескерткіші Талдықорған қаласынан орын тебуі – тарихи жағдай. Ақын ескерткіші облыс орталығының ажарын ашып қана қоймай, жастардың патриоттық сезімін нығайтуға да үлес қосады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста