Әлеуметтік желіде вайн түсіріп жариялаған Кенталдың басы дауға қалды. Әншінің соңына полиция қызметкерлері түсті. Полиция басқармасы Кенталдың бейнебаянына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кентал есімімен танымал әнші Талғат Кенжеболатов видеоны төрт жыл бұрын түсіргенін хабарлаған болатын. Видео үшін полиция қызметкері алдында енді ғана жауап берген. Әнші оқиғаның егжей-тегжейін айтып, видео таратты.
Оның айтуынша, үйіне екі полиция қызметкері мен екі қарулы арнайы жасақ келіп, хаттамасыз полиция бөлімшесіне алып кеткен. Әнші қарсылық танытпағанын айтады.
Төменде Кенталдың 4 жыл бұрын түсірген шулы видеосы