«МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ»

«МЕН СЫЙҒА ТАРТҚАН ОРАМАЛ»

Ең алғаш сахна төрiне «Мен сыйға тартқан орамал» әнiмен шығып, махаббат мұңын кешкен келiншек кейiпте көрермен жүрегiн жаулап алған әншi Роза Әлқожа дәл осындай атпен Жаркент қаласында өзiнiң тұңғыш жеке шығармашылық кешiн өткiздi.

Жердiң  тоңы жiбiп, тiршiлiк ояна бастаған көктемде әншi кеш шымылдығын Қасымхан Бегмановтың сөзiне жазылған  «Ол көктем оралмайды» атты өз әнiмен ашты. Содан кейiн «Бесiк жыры», «Ару Жайық», «Шәйi орамал», «Сыған серенадасы» секiлдi көрерменге кеңiнен танымал әрi көпшiлiк сүйiп тыңдайтын әндердiң тиегi ағытылды.
Шығармашылық жолын әуелi журналист болып бастаған Роза Әлқожа «Жас Алаш», «Ақ жол-Қазақстан» секiлдi республикалық басылымдарда және Қазақ радиосында қызмет атқарды. Қаламы мен микрофонын,  отбасы мен өнерiн қатар алып жүрген оның әндерi қазiргi қазақ эстрадасында орны бар, талғамы биiк әншiлердiң репертуарына енiп, ел iшiне  кеңiнен таралып та үлгердi. Атап айтқанда, Баян Нұрмышеваның орындауындағы «Жiбектiң елi», Ажар Түзелбекқызының жары Оразәлiге арнап орындайтын «Сағындым сенi» әнi, Ләззат Жанаманованың «Ардағымсың», сондай-ақ  «Жiгiттер» квартетiнiң Розамен бiрге орындайтын «Таңдағанымсың» секiлдi әндерiн естiмеген, бiлмейтiн тыңдарман кемде-кем шығар. Жалпы, Роза Әлқожаны жұртшылық тек әншi деп қана емес, 30-ға тарта әндердiң авторы ретiнде таниды. Сазгер ретiнде Гүлнар Салықбай, Исраил Сапарбай, Жарас Сәрсек, Қасымхан Бегманов сынды ақындардың сөзiне ән жазған Роза Әлқожаның шығармашылықтағы ерекшелiгi жайлы әрiптестерiмен ой бөлiсудi жөн көрдiк:
ҚАР АСТЫНАН ЖАРЫП ШЫҚҚАН БӘЙШЕШЕКТЕЙ...
Қасымхан БЕГМАНОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерi:
– Қазiр далада ағаштар дiр-дiр етiп, бүршiк жара алмай, көктем келе алмай тұрған өлiара шақ болып тұр.  Дәл солай заманның қиын кезiнде, ел қап арқалап, базар жағалап кеткен тұста, яғни өнердiң де өлiара шағында қар астынан жарып шыққан бәйшешектей болып ортамызға Роза келдi. Қаршадай ғана қазақтың қызы қоғамға, қазақ өнерiнде сондай бiр қозғалыс туғызады деп ешкiм де ойлаған жоқ, о баста. Мен өзiм бiр ғана әнiн тыңдағаннан-ақ Розаның шығармашылығына тәнтi болған адаммын. Роза – әндi әншейiн жаза салатын адам емес. Базбiреулер секiлдi «осы әндi жазып, анаған жақсы көрiнiп, атақты болайын, көтерiлейiн» демейдi, ең бiрiншi, ел қалай қабылдайды, ғұмыры қалай болады деп, үлкен толғаныспен жаңа ән тудырады. Розаның әндерiнде кешегi – Шәмшi, бүгiнгi Iлия Жақанов ағаларымызға тән вальстiк ырғақ бар.  Розаның әндерiнен басқа сазгерлердiң ешқайсысына ұқсамайтын көзге көрiнбес бiр мұң, сарқылмайтын сағыныш сезiледi. Оның екi-үш минуттық қысқа әнiн тыңдағанда, керемет бiр қойылым көргендей немесе бiр роман оқығандай әсер аласыз. «Ол көктем оралмайды», «Iздемейсiң», «Ару қалам Астанам» секiлдi екеумiздiң бiрiгiп жазған үш әнiмiз бар әзiрге. Солардың қайсыбiрiн болсын  жұртқа ұялмай тыңдата аламын. Күнi кеше Үрiмжiден келдiм. Сол Үрiмжiнiң мейрамханаларында Роза Әлқожаның әнiн қайта-қайта қойып жатқанын естiп таңғалып, әрi риза болып қайттым. Бұл Роза әндерiнiң шекара сыртына шығып кеткендiгiн көрсетедi.
Екi жарым сағатқа созылған концерт барысында Роза Әлқожаның тек өзi ғана емес, Бауыржан Бегазов, Ләззат Жанаманова сынды әншiлер мен «Кеме қалған» атты топ да өнер көрсеттi. Жұртшылықпен жақын араласу мақсатында кеш ортасында жүргiзушi, яғни Қазақ радиосының белгiлi жүргiзушiсi Әсел Ергешқызы көрермен арасынан Розаның әндерiн жақсы айтатындар мен ұтымды сұрақ қойғандарға  сыйлықтар ұсынды. Құшағы гүлге, көзi жасқа толған Роза Әлқожа кеш соңын былай деп қорытындылады:
Роза ӘЛҚОЖА, әншi, сазгер:
– Кеш өткiзу көптен ойда жүрген арманым едi. Алайда осы алғашқы кештiң өз топырағым Жетiсайдан емес, Жаркент өңiрiнен бастау алғаны қатты толқытты. Өнердiң жерге, аймаққа бөлiнбейтiнiнiң белгiсi шығар бұл. Осы орайда Дәнештей ардақтысын аялаған жаркенттiктердiң қошеметiне алғысым шексiз. Әсiресе, аудан әкiмi Ермек Келемсейiтов пен қала әкiмi Мұрат Тельманұлы ағаларымыздың кештiң соңына дейiн отырып, әндерiмдi тыңдауы қатты таңғалдырды. Әрине бұл ең бiрiншi маған ұсыныс жасап, кештiң өтуiне атсалысқан ұлт жанашыры, белгiлi спорт шеберi – Мұхит Ысқақов ағамыздың еңбегi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста