«Мен ойнаған кейіпкерлердің кеудесінде менің жүрегім бар...»

«Мен ойнаған кейіпкерлердің кеудесінде менің жүрегім бар...»

Ұлттық театр сахнасы мен кино әлемінде өзінің шығармашылық болмысымен, талант-танымымен киелі өнерді өмірлік серік етіп, жарық жұлдыздай ағып өткен саңлақ актерлердің бірі – Нұрмұхан Жантөрин.
Нұрмұхан Жантөриннің өмірі аңызға бер­гісіз, құпия сәттерге толы. 1928 жылы  Аты­рау атырабына бет түзеген ұлы көште тү­йе үстінде отырған  16 жастағы  Ғазиза ана толғатып, сол жерде жалғыз ұлын дү­ние­ге әкелген екен. Келіні босанып жат­қан­да шырылдап жылаған немересінің үнін естіген атасы Ұлмырза: «Құдіреті күшті Алла тағала маған да ұл баланың дауысын естуге жазған екен ғой», – деп жылап жіберіпті. Немересінің атын қоюға арнайы молда алдырып, азан шақыртып, «Нұрмұ­ха­мед» деп қойған деседі. Бірақ бертін келе Нұрмұхан болып кеткен ол, кейіннен дү­йім жұртқа осы есіммен танылады. От­ба­сында болған түсініспеушілік салдарынан ер­лі-зайыптылар ажырасып, анасы қо­лын­дағы үш айлық баласымен төркініне кетіп қал­ған. Баланы өзінің тегіне жазған. Жан­тө­ре – анасының арғы атасы.  Актерлік әуел баста ойына да кіріп-шықпаған Нұр­мұ­хан еңбекке ерте араласып, мұнай мұ­на­расы операторының көмекшісі болып іс­теген. Арада біраз уақыт өткенде кино­ме­ханик болу мақсатымен Алматыдағы театр артистерін дайындайтын училищеге тү­седі. Студент кезінен-ақ кез келген рөлді жоғарғы деңгейге алып шыға алатын ерек­ше дарынымен, ешкімге ұқсамайтын дара­лы­ғымен көзге түсіп, «Алитет тауға кетіп ба­рады» алғашқы фильміне түседі. Учи­ли­ще­ні тамамдаған соң Ташкенттегі театр инс­титутының актерлік бөлімінің 3-курсына бір­­ден қабылданады. Институтта жүр­ген­нен-ақ сахнаға шығып, өзіне тән орын­дау­шылық ерекшелігімен, көркем-эстетикалық тал­ғамымен дараланып, қазақ әдебиетінің Қозы Көрпеш, Кебек секілді классикалық кейіпкерлерін сомдайды.
Өнер табалдырығын осылай аттаған Нұ­­рағаң өмірінің соңына дейін М.Әуезов атын­дағы академиялық қазақ драма теа­тр­ы­ның сахнасында, сонымен қатар «Қа­зақфильм» киностудиясында көптеген спек­такльдер мен фильмдерде ойнап, ак­тер­лік шеберліктің озық өрнегін көрсетті. С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында»  – Шо­қан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Қодар, М.Әуезовтің «Ең­­лік – Кебек» пен «Қарагөзінде» – Кебек пен Сырым­ды, М.Булгаковтың «Жендетте­рін­де» – Мольер, У.Шекспирдің «Отелло­сы» мен «Макбетінде» – Яго мен Макбет, А.Пуш­кин­нің «Шағын трагедияларында» Саль­е­ри, Барон және Дон Жуан рөлдерін ой­на­са, «Оның уақыты келеді» фильмінде – Ш.Уә­лиханов, «Атаманның ақырында» – Абы­лай­ханов, «Құрманғазыда» – Құр­ман­­ға­зы, «Сапар құдығында» – Сапар, «Кө­­лең­ке­сін қуған шалда» – қария, «Сұл­тан Бей­ба­рыс­та» – Сұлтан Бейбарыс сияқ­ты басқа да көп­теген тұлғалы бейнелерді ас­қан ын­та­мен сомдап, өзгеше адами әрі ак­терлік  қы­рынан танылды.
М.Булгаковтың В.Мажурин қойған «Мо­льер» спектаклі Н.Жантөриннің асқан ше­берлікпен ойнауы арқасында Мәскеудің театрсүйер қауымын дүр сілкіндірген екен. Ол актерліктің шеберханасына үлкен ең­бекпен, ізденіспен зор жауапкершілікті ар­қалап келді. Кейіпкерінің жан дүниесіне еніп, шынайы  беру үшін жанын салды. Шек­спирдің «Макбет» трагедиясы туралы К.Жұмабековтің «Үш таған» атты ес­те­лігінде: «Репетицияға кіріскен күннен-ақ Го­голь атындағы облыстық кітапханаға ба­рып, Шекспир шығармалары жөнінде жа­зыл­ған бірнеше кітаптарды жиып алған бо­латын. Бір күні түстікке бірге бармақ бо­лып, қонақүйіндегі бөлмесіне келдім. Ме­ні көре салып: «Макбеттің қанышерлігі тек әйе­лінің азғыруы мен аярлығынан ғана емес, қанында, тегінде бар екен», – деп ба­ладай мәз болып айтып жатыр. Сөйтсе, Шекс­пирдің кейіпкері қанішер Ричард ана­лары жағынан Макбетке екінші не үшін­ші атадан қосылады екен. Міне, із­денудің жемісі. «Енді ойнауға бо-ла-ды, тү­йін шешілді», – деп жеңіл орнынан кө­те­рілді. ...Макбет рөлі Н.Жантөриннің сом­да­­уымен дүниеге келуі шеберліктің шыңы, театр үшін үлкен шыңдалу мектебі бол­ды...», – дейді.
Н.Жантөриннің асқан шеберлігі жағым­ды және жағымсыз бірегей тұлғалар бей­не­сін қатар сомдай алатын ерекше қа­бі­леті арқылы көрініп отырды. Ол қандай рөл­ді ойнаса да кейіпкерінің бойына өзін­ше жан бітіруге талпынды, әрбір кейіп­керін жақ­сы көре білді, оларды жанымен түсінді. Бұл туралы өзінің бір естелігінде: «Аналар барлық баласын жақсы көреді ғой, мен де сол сияқтымын – жек көретін рөлдерім жоқ. Барлығын өздеріне сәйкес жақсы кө­ре­мін. Әрине, өз ауқымдылығымен, пси­хо­логиялық тереңдігімен Шоқанға, Бей­ба­рыс­қа тең келетіні аз. Бірақ бәрібір түгелі ме­нің туысқаным сияқты: менің бетім, ме­нің құлақтарым, менің мұрным... Мен ой­на­ған кейіпкерлердің кеудесінде менің жү­регім бар. Тіпті «қара ниетті» ке­йіп­кер­лер­де де. Мен кинода «патенттелген бас­ма­шы» атанып аз уақыт жүргенім жоқ. Ш.Айтматов әңгімесінің желісінде да­йын­дал­ған Л.Щепитьконың «Аптап» кар­ти­на­сын­дағы Абакирдің рөлін ерекше атағым ке­леді: қуатты болғанымен, үнемі са­ры­уа­йымға салынып жүретін ол, өмірден өз ор­нын таба алмайды. Жаның ашиды, бір рет­те, тіпті жек көріп кетесің...» – деп жаз­ғаны бар. 
 М.Бегалиннің «Оның уақыты келеді» фильміндегі Нұрмұхан Жантөрин сомдаған Шоқан бейнесі ерекше дара. Бұған актер­дің Шоқанды өзіне идеал тұтып, өмірінде де, өзі сомдаған үздік рөлдерінде де соған еліктегені негіз болса керек. Бұл ретте Ба­қыт Жантөрина: «Әкемнің басқа рөлдерінің бә­рі де «Шоқан Уәлихановтан» шыққан. Олар­дың ішінде шекспирлік ге­рой­лар да, хик­меттік Доктор да, бул­гак­ов­тық Мольер де, Сұлтан Бейбарыс та бар», – дейді.
Режиссер Б.Мансұров қойған «Сұлтан Бейбарыс» фильміндегі Бейбарыс бейнесі тек Жантөриннің емес, қазақ киносының ірі табысы болды. Бұл фильм туралы актердің жұбайы, театр зерттеушісі Мар­га­рита Иоглева-Жантөрина: «Сұлтан Бей­барысты образы актер Нұрмұхан Жан­тө­риннің ұлы шығармашылығы екенінде дау жоқ. Сұлтандыққа жанкештілікпен жеткен адамның тағдыры. Менің мәскеулік актер достарым «Сұлтан Бейбарысты» орысша дыбыстандырған кезде Сергей Фе­до­ро­вич­тің таңғалысын айтқан болатын. Ол пау­за кезінде «Қандай актер, қандай тұлға! Оның сөздерін дыбыстандырудың өзі бір ға­нибет!» деп ризалық білдірген екен», – деп жазған. Осы рөлі үшін Н.Жантөрин ке­ңес киносы актерлерінің Бүкілодақтық «Соз­вездие – 90» фестивалінде «Актер ма­мандығына қосқан аса зор үлесі үшін» сый­лығын жеңіп алып, арнайы дипломмен ма­рапатталды. Бүкілодақтық фестиваль күн­дері Тверь қаласы көшелерінде Нұр­мұхан Жантөринді халық «Сұл-тан Бей-барс!.. Сұл-тан Бей-барс!..» – деп қошемет­теп, қолпаштап тұрып алған екен.
Сегіз қырлы, бір сырлы Нұрмұхан аға­мыз тек актерлік өнердің заңғар биіктерінен кө­рініп қана қойған жоқ, өзінің «Орман бал­ладасы» (1972), «Медальдің үшінші жа­ғы» (1976), «Қара таулар қазынасы» (1978) тәрізді үш көркем фильм түсіріп, ре­жиссерлік қырынан да көріне білген. Сондай-ақ қоңыр үнімен айналасындағы жұрт­ты еліктіріп ала жөнелетін әншілік қа­сие­ті де болған. Халық әртісі Нұржұман Ық­тымбаев өзінің бір естелігінде: «Мұхит салдың «Зәуреш» әнін Нұрмұхандай ба­йыбына жеткізе орындаған ешкім жоқ»,  – дейді. Майталман актердің шын­шыл­ды­ғы, жұмсақтығы мен қызбалығы, қай­сар­лығы оның қайталанбас рөлдеріндегі ке­йіп­керлерінің бойынан да көрініс тауып тұ­ратын. Нұрағаң өз мінезімен кейіпкерінің мі­незін бір-біріне барынша ұштастыра біл­ген. Ол кісінің  жеке болмысының өзі адам­ды магнитше тартатын, кез келген рөл оның мінез-құлқының белгісін, яғни күр­де­лілігін, алмастай өткірлігін, қарама-қай­шы­лығын, басқа да қасиеттерін аңғартып тұ­ратын. Кейде жұмсақтығының өзі тік мі­нез­ділігімен, өжеттігімен тұтасып кетіп жатса, кейде балаша тез жараланып  қала салатын көңілшек те болған екен.
Актерлік шеберліктің биік шыңына шыққан қас шебердің айналасынан қиянат көрген кездері де аз болмаған. Ойнаған спектакльдері театр репертуарынан алып тасталғанымен қоймай, өзін де сахнадан шеттету әрекеттері болған. Әкесінің театр­дан кеткені жөнінде Жанна Жан­төрина: «Нұр­мұхан Жантөрин – әлемдік деңгейдегі әртіс. Ол театрда қалып, әлем клас­си­ка­сынан әлі де бірнеше рөлдер ойнағанда, ол туралы дүниежүзілік театр баспасөзі шулата жазған болар еді. Бұл тек актерге ғана емес, ол ұлы болып табылатын елге, ұлтқа мәртебе болар еді. Ә.Мәмбетов Жан­төринді қатыстыра отырып, ұлттық клас­сика негізінде де, тап сондай әлемдік классика негізінде де тамаша спектакльдер­ді қою мүмкіндігін «қолдан шығарып ал­ды» деп ойлаймын», – деп өкініш білдірген. Ал Нұрмұхан ағаның өзі болса, әрдайым: «Мен­дегі бар қымбат нәрсені осынау жа­рық дүниеге тастап кеткім келеді-ақ. Жи­нап-терген, түйсініп-түйген тәжірибем, бар білімім мен білігім топырақтағы құрт­тар­ға жем болмаса екен деймін! Әлі көп нәр­се істегім келеді… Жұмыс жасағым ке­леді...» – деп армандаумен өткені артында қал­ған естеліктерінен айқын аң­ға­ры­ла­ды...

• «Соңыңнан барармын, көке…» •
(Нұрмұхан Жантөриннің өмірде өзі көр­­­ме­ген, кездеспеген әкесіне жазған ха­ты­нан үзінді).
«...Жетім күйімде 50 жасқа жеттім. Бұл ту­­ралы газеттерге көп жазылды, бүкіл Қа­зақ­­стан білетін. Ал сен үндемедің. Сенің ұлың әке атанды. Үндемедің…
Жанын азапқа салса да, мені асырап, адам етіп шығарған кім? Ғазиза! Оқытып, тоқытқан кім? Ғазиза! Ең қиын минуттарда жа­нымда болған кім? Ғазиза! Сондықтан кө­ке, сен ренжіме, менің әкем де, шешем де Ғазиза болды.
…Иә, мен Адай руынанмын. Бірақ Адай­­дың қандай буынынан тарайтынымды біл­меймін. Оны маған кім айтып жатыр?.. Адай­лардың арасында «Мен – Адаймын» деп айтуға ұялатын едім. Себебі сұрап кал­са, қай буыннан екенімді толық, нақты ай­та алмаймын ғой… Ал Ғазиза Ұлеке мен Бай­ке (аталары – С.Т.) туралы ғана аз-мұз айт­ты. Ол одан басқасын білмейтін де еді. Ал сен үндемедің.
Ғазиза кетті. Сен де кететін шығарсың… үн­сіз. Ешбір шындықты біле алмай, мен де сен­дердің соңдарыңнан барармын. Орыс­қа үйленгенім үшін о дүниеде отқа күйетін шы­ғармын. Ештеңе етпес! Бәрібір мен сіз­бен қарым-қатынас жасап тұрамын… Егер се­нің жорғаң тамұқтың қасында жайылар бол­са, саған хат жазып тұруға тыры­са­мын…
Сау бол. Аман бол, көке!
Мен де әзірге аман-сау, тірліктемін ғой…
Сәлеммен Нұрмұхан»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста