Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальге қатысады

Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальге қатысады

Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ересектерге арналған спектакльдер сахналаудағы тәжірибесі кәсіби мамандар тарапынан жоғары бағаланып келе жатқан театр ұжымы биылғы жылдың екінші жартысында қатарынан үш театр фестивалінде бақ сынамақшы.

Өнер ордасының басты мақсаты – балаларды ғана емес, ересектерді де тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнеріне қызықтыру болса, сол миссиясын тек елімізде ғана емес, шет елде де дәріптеуді жолға қойып отыр»,- деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. Қазақ қуыршақ өнерінің мүмкіндігін танытатын алғашқы өнер додасы халықаралық сарапшылар мен театр сыншыларының басын қосатын «ТеArt – көкше» театр фестивлі болса, екіншісі Қарағанды қаласында алғаш рет өтетін «Сын – шын болсын» республикалық театрлар фестивалі.
«Оңтүстік астананың мәдени деңгейін одан әрі арттыру, қазақ өнерінің әлем кеңістігінде танылуына ықпал ету мақсатында театр ұжымы аттанатын халықаралық «Анкара» қуыршақ театрлары фестивалінің де маңызы зор. Биылғы жылдың қазан айында салтанат құратын өнер бәйгесі Түркия мемлекеті, Анкара қаласында өтпек. Театр репертуарына биылғы жыл қосылған ересектерге арналған «Макбет.Иллюзия» (реж. Д.Жұмабаева) және балаларға арналған «Үйшік» (реж.А.Зайцев) қойылымдары сарапшылар мен көрермендер назарына ұсынылатын болады»,- деп атап өтті қуыршақ театры. Айта кетейік, өнер додаларында бақ сынайтын ересектерге арналған спектакльдер әр жылдары отандық және шетелдік театр фестивальдерінде кәсіби театр сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болып, қуыршақ театрының мүмкіндігін терең танытып келе жатқан көркем туындылар қатарында.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста