Мейрамбектің «Тартуы»

Мейрамбектің «Тартуы»

Ала таңнан шырылдап, адамзатты ұйқыдан оятатын құртақандай құсты қазақ бозторғай атаған. Бір кездері бозторғайға өзінің жетімдігін айтып мұң шаққанда тұла бойды түршіктіріп, еріксіз егілткен бозбала Мейрамбек Беспаев – бүгінде қазақтың кәрі-жасы бірдей сүйіп тыңдайтын әншісі. Қандай әнді болсын, жүрекпен орындайтын әншінің үніне елтігеніміз соншалық, тіпті Мейрамбектің саусағынан өнері тамған күйшілігін де әнінен кейінгі орынға ысырып қойғандаймыз. Біле- білсек, бүгінде қазақ әнінің аранжировкасында домбыра жүрсе, ол – ең алғаш Мейрамбектің, «МузАрт»-тың енгізген жаңалығы. Домбыраны дәріптеуін Мейрамбек онымен қоя салмай, күй шерткенде жанын салып, тыңдаушысын керемет күйге бөлерлік шебер күйшілердің басын қосып әрі онымен астастыратын топ құруды жатса-тұрса ойлап жүрсе керек. Сол ой, сол арманы орындалып, халқына «Тарту» атты топ сыйлады.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келер» деген ұлы Абайдың сөзіне құлақ түрген сыңай­лы, «Тарту» тобы төрт жігіттен құрал­ған. Домбыраның құлағында ойнайтын үш бірдей күйші есімін тыңдарман бұған дейін де естімей, білмей қалған жоқ: бірі Біржан Әлиев болса, екіншісінің есімі – Нұркен Әшіров, үшіншісі – Қадыршат Сәтпаев. Ал арпа ішіндегі жалғыз бидай секілді жалғыз солист әнші – бір кездегі өзінің бозбала үніндей тұп-тұнық, сыңғыр дауыс иесі Райымбек Тынықов.
Нұркен ӘШІРОВ, топ мүшесі:
– «Ұлытау», Асылбектер қазақтың қара домбырасының мүмкіндігін өз қал-қадірлерінше көрсетіп жүр ғой, сол сияқты қазақтың осы бір киелі аспабын төгілте шерткенде тамсандыратындай бір топты Мейрамбек ағамыз бұрыннан ойлап жүрсе керек. Бүгінде домбыра қазақ эстрадасынан мүлдем тыс қалып жүрген жоқ, тіпті кез келген әнші өз аранжировкасында қолдануға айналды. Ал­ай­да ағамыз домбыраның жай ғана шертілгенін емес, оның техникалық шеберлігіне мән беріп, оны да жүрекпен орындайтын, естігенін қайталай салмай, өзінің де суырыпсалмалық қасиетін қоса алатын күйшілердің басын қосуды көптен ойлап, жоспарлап жүрген. Солайша күн­дердің бір күні, яғни ол осыдан үш жыл­дай бұрын, жас домбырашылар ара­сында кастинг жариялайды. Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдағаны бар, оркестрде жұмыс істеп жүргені бар, бас-аяғы 50-ге жуық өнерпаздар қатысып, ішінен таңдау осы үшеумізге түсіпті. Әуелі сол үш домбырашы қазақтың біршама күйлерін, шетел классикасының туындыларынан туындылар орындап жүргенбіз, кейін ағамыз топқа әнші қосуды ұйғарды. Солайша бізге Райымбек ініміз қосылды.

Ал Райымбектің топқа келуі тіпті қызық болған. Мейрамбек үшін ол сабан ішінен ине іздегендей болса, Райымбек үшін күт­пеген жерден тартылған тосынсыйдай құбылыс болыпты. Тараз қаласында атақты «Алатау» ән-би ансамблінде әншілік қызметке жаңа кіріскен жас дарын тіпті Мейрамбек Беспаевтың өз тобына әнші іздеп жүргенінен де бейхабар еді. Қаннен-қаперсіз ән салып, өз жұмысына дән риза болып жүрген әншіге кенет қоңырау шалып, шақыртқан Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұлов сынды ағалары еді. Алдына барған жас әншіні тыңдап көріп, бірден ұнатқан Мейрамбек ағасы «Тарту» деген топ құрғанын, онда керемет үш домбырашы жігіттің барын, соған әнші керек деген ойын ашып айтады. Осылайша төртеу болып түгенделген топ әзірге үш бейнеклип түсіріп үлгерген: екеуі – ән, яғни бірі – Мейрамбек Беспаевтың өзі қосыла орындайтын «Ерке нәзігім», екіншісі халық әні «Ал­қоңыр» болса, үшіншісі – «Рубиа» деп аталатын испандық стильдегі мелодия.
«МузАРТ» жайлы миф және «әке» Мейрамбек
Ел ішінде қайбір кездері «10 жылдық концертін өткізген соң, «МузАРТ» сонымен тарайды екен, Мейрамбек өз алдына, Сәкен өз алдына продюсер боп кетеді екен» деген сөздер тарай бастағаны есімізде. Шексіз сүйгенін жоғалтып алудан қорқу деген пенделік әдет емес пе, бұл халықтың «МузАРТ»-қа деген шексіз махаббатынан туған күдік пе, әлде «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дегеннің кері ме деген сауалды Мейрамбектің «балаларына» қойғанымызда олар бірауыздан: «Бұл – толығымен қауесет. «МузАрт» қазақ хал­қының мақтанышы ғой, мұндай ұлы ансамбльді, былайша айтқанда, ғасырда бір демесек те, 50 жылда бір кездесетін құбы­лысты жоғалту өкінішті дер едік. Осы жа­уапкершілікті топтың әр мүшесі жақсы түсініп, қалайда «МузАРТ»-ты дамытуға барын салады. Қанша жерден Мейрамбек – жеке, Сәкен өз алдына бөлек ән орын­дағанымен, бірақ «МузАрт» сол биігінде қала береді», – деп жауап берді.
Сондай-ақ елді көп қызықтыратын нәрсе – Мейрамбектің қандай продюсер екендігі. Себебі бүгінде продюсерлердің көбі қаржылай жағынан барлығын өзі мойнына алған соң, қарамағындағы топ не әнші болсын, жүрген-тұрған әр қадамын қадағалап, тіпті қандай сөз айтып, не істеу керек екеніне, кімдермен араласып, араласпауына дейін әмірін жүргізуге көшкен. Әрине, өнерге енді келген жас жеткіншек үшін ол бір жағы шыңдалу шығар, бірақ түбі шикіліктің осындайдан шығып, көп әншілер продюсерімен ренжісіп, топтар тар­қап та жататын кезі аз емес. «Бұл жағы­нан Мейрамбек Беспаев қандай продюсер?» дегенімізде, «Тарту» тобының PR ме­неджері Руслан былай деп жауап берді:
– Елдің бәрінің үнемі қызығып сұрайтын сұрағы: «Сендер қандай да бір келісім­шарт­қа тұрдыңдар ма?» – дейді. Ондай рес­ми, шартты қатынас, қағазға әкеп тіреп қой­ған ештеңе жоқ. Ол – өмірді терең түсі­нетін көргенді азамат. Ағамыз бізді толы­ғымен қаржыландырып, тіпті тұратын бас­панамызға дейін өз мойнына алса да, ешқашан соны көзімізге шұқып, айтқа­нымен жүргізіп, айдағанына көндіруге тырысқан емес. Және «менің рұқсатымсыз тырп етпеңдер» деп, аяққа тұсау салып көрген де емес, ондай әдет – ағамызға мүлдем жат. Жұмысқа байланысты қатаң талап қоюы мүмкін, бірақ жеке қатынаста сондай мейірімді, жайлы. Бір сөзбен айтқанда, Мейрамбек – продюсерден гөрі, біздердің әрқайсымызға – аға, ал жал­пы топқа – әке.

Түйін
«Тартудың» жігіттерінің барлығы да дыбыс, музыканы есту, сезу қабілеті тумысынан мықты, сондай-ақ оған кәсіби маманданған, шыңдалған, бір сөзбен айтқанда, сайдың тасындай іріктелген домбырашылар. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Мейрамбек өзінің өнерін қастерлейтін халқына деген шын ризашылығын тарту жасау арқылы білдіргісі келсе, топтың атын да сондықтан «Тарту» қойса, екіншіден ол күй тарту деген мағынаға да келеді. Ал «Тартудың» өнеріне ел бүгіннің өзінде тәнті, ол расында, қазақ өнеріне жасалған тарту болғандай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста