Мейрамбек Бесбаев шығармашылық кешіне шақырады

Мейрамбек Бесбаев шығармашылық кешіне шақырады

Астана күніне орай белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевтың шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» Today.kz-ке-сілтеме жасай отырып.
Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловтың айтуынша, Астана күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік шаралар аясында халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың жеке концертін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы 3 шілдеде өтетін «Астана Жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі-2014» екінші кәсіби музыка байқауына арналған брифингте айтылды.
«Астана күнін мерекелеу аясында біз 5 шілде күні Қазақстан концерт залында Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кешін өткізбекпіз. Онда Мейрамбек 1989 жылғы өзін танытқан “Бозтоғай” әнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық әндерін шырқайды», – деп атап өтті Б.Мажағұлов.
Мейрамбек Беспаев әнді жан-дүниесімен сезініп, жүрегімен орындайтын ғажап әнші. Ол кішкентайынан домбырасын құшақтап сахнаға шыққаннан бастап халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленді. Өзінің өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Кенен атамды» әнімен ең алғаш сахнаға шыққанда-ақ Мейрамбек өзінің өнер үшін туған дарын екенін талайларға мойындатқан болатын.
Бүгінде өз орындауындағы сезімге толы әндерімен, ғибратты термелерімен тыңдаушысын ләззатқа бөлеп жүрген Мейрамбектің шығармашылық кешіне өнердегі әріптестері, достары қатыспақ. «Музарт» тобының белді әншісі ретінде де, жеке орындаушы ретінде де халқына қашанда сүйкімді қазақ өнерінің «бозторғайының» ән кешіне келіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста