"Махаббатым жүрегімде" сериалы неге түсініксіз аяқталды?

"Махаббатым жүрегімде" сериалы неге түсініксіз аяқталды?

 Жақында "Хабар" арнасында екі апта бойы көрсетілген 12 сериядан тұратын "Махаббатым жүрегімде" сериалы аяқталған болатын. Баян Есентаеваның продюсерлігімен түсірілген бұл отандық сериалды біраз көрермен тамашалады. Сериал аяқталғалы бері көрермендер аталған фильмге қатысты өз ойларын білдірісіп, көкейлеріндегі сұраққа жауап іздеуде.

Баян Есентаева соңғы уақытта отандық фильмдерді көбейтуге біраз тер төгіп жүргенін білеміз.Продюсердің айтуынша, қазір бізде қазіргі шынайы өмірді көрсететін отбасылық драмалар жоқ. Сондықтан қалың көрермен үндінің, түріктің сериалдарын көреді. Баян ханымның "Махаббатым жүрегімде" фильмі махаббат, қызғаныш секілді түрлі сезімдер арпалысқан нағыз отбасылық мелодрама. Бұл фильмде көрерменге жақсы таныс Тәуекел Мүсілім, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Жолдыбаева, Жанар Дұғалова, Дастан Оразбаев секілді шоу-бизнес әлеміндегі жас актерлер және кәсіби актерлер де ойнайды.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Махаббатым жүрегімде-1", яғни сериалдың бірінші маусымы көрсетілген болатын. Онда бас кейіпкерлер Дастан мен Кәмшаттың қалай танысып, біраз қиындықтардан мойымай өтіп табысқандарына куә болған едік. Яғни, "Махаббатым жүрегімде-1" өте жақсы нүктеде, әрі түсінкті аяқталды. Біраз уақыт өткеннен кейін Баян ханым "Махаббатым жүрегімде-2" түсіріліп жатқандығын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Көрермен отандық мелодраманың жалғасын асыға күтті. Қыркүйектің соңғы күні көптен күткен "Махаббатым жүрегімде" сериалының екінші маусымы да эфирден беріле бастады. Фильмге жаңадан кейіпкерлер қосылғанын көрдік, фильмнің желісі де өте қызық болды. Алайда көпшілік көрермен "Махаббатым жүрегімде" сериалының соңғы сериясының түсініксіз аяқталғанына риза емес. Әлеуметтік желілерде, Гүлназ Жоланованың,Тәуекел Мүсілімнің, Баян Есентаеваның инстаграм парақшаларына көптеген оқырмандар мен көрермендер сериалдың соңы неге түсініксіз аяқталғаны туралы сұрақтарын жаудыруда. Алайда бас продюсер де, актерлер мен актрисалар да көрермендерге нақты жауап беруге асығар емес. Бұл Баян ханымның кезекті тосынсыйы болса керек. Біздің ойымызша, Баян Есентаева "Махаббатым жүрегімде" фильмінің көрерменге қаншалықты қызықты болғанын байқау үшін де сериалды аяқсыз қалдырған сыңайлы. Бірақ біздіңше, Баян Есентаева міндетті түрде "Махаббатым жүрегімде" сериалының үшінші маусымын түсіруге кіріседі. Сондай-ақ алдағы күндері Баян ханым көрерменнің көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап береді деп үміттенеміз.

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста