Отасқандарына екі жыл болса да, Маржан Арапбаева сүйіктісін “жарнамалауға” асықпаған-ды. Әнші бүгін әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісімен бірге түскен суретін жүктеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өзіндік тыңдармандары бар әнші Маржан Арапбаева 2014 жылдың тамыз айында екінші рет тұрмысқа шықты. Бірінші некесінен Әмира есімді бір қызы бар.
Жылқы жылында көңіл қосқан әншінің сүйіктісі полиция қызметкері екен. Есімі – Ербол. Әріптестері қос ғашықтың тойының дүркіреп өткенін айтады.
“Ол барда ешнәрседен қорықпаймын” дейді сүйіктісін құшақтаған Маржан Арапбаева.
Желідегі суретті көрген тыңдармандары қос ғашыққа бақыт тілеген.