Мархабат Байғұттың жаңа кітабы шықты

Мархабат Байғұттың жаңа кітабы шықты

Оңтүстік Қазақстан облыс­тық жасөспірімдер кітапхана­сында «Бұла бұлақ» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халық­аралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұттың жаңа жинағына соңғы жылдары жазған түрлі жанрдағы еңбектері енгізілген.


Бүгінгі күннің өзекті тақырып­тарына қалам тартқан қаламгер­дің «Әкім кет­кен күн», «Шибөрінің бүр­гесі», «Әкім­нің әйе­лі», «Тәржі­ман тір­лік», «Иттің құқығы», «Қо­за­пия», «Сізді сүйген қыз едім», «Қал­тарыстағы қо­ңы­рау» деген туындыларында заман­ның өмір шын­дығы мен кейіпкер об­разы да ашық көрініс тапқан.
Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы:
– 1980 жылы «Сыр бұлақ» деген кітабым шықты. «Бұлақ» деген тіркесі бар кітаптарыңыз шыға бере ме?» деген сияқты сын-пікірлер айтылып жатыр. Ал бұл кітаптың «Бұла бұлақ» болып аталуына белгілі әде­биет сын­шысы, марқұм Зейнолла Серік­қалиев­тің айтқаны бойынша осылай ат қо­йы­лыпты. Кейіннен жос­пар бойынша осы­лай аталды. Дегенмен бұл кітапта ке­йінгі жылдары жазған әңгімелерім, оның ішінде қазіргі заманғы кейіпкер­лер көптеп кездеседі. Әзіл мен шындық астасқан, ирониялық әзілдерді арқау етіп жазылған дүние. Әрине, бағасын оқырман өзі береді.

Шара ӘДІЛОВА, оқырман:
– Мархабат ағаның шығармалары­ның ерекшелігі жазушылық шеберлі­гін­де жатыр. Ондағы детальдар халық­тың өмірінен алынып, юморлы тәсілдер ар­қылы оқырманын қызықтырады. Әрі күлкі астарынан оқушыға еріксіз ой тас­тайды. «Кандидаттың имиджі» де­ген шығармасы осы ерекшелікті айқын­дап тұрғандай.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста