Мақсат Базарбаев “Мұзарттан” кетуінің себебін ашып айтты

Мақсат Базарбаев “Мұзарттан” кетуінің себебін ашып айтты

“Мұзарт” тобынан Мақсат Базарбаев кеткен кезде жұрт арасында түрлі қауесет тарады. Бірі оны өз еркімен кетті десе, енді бірі Мейрамбекпен сыйы жараспағанын тілге тиек етті. Алайда әнші арада еш кикілжің болмағанын, топтан өз еркімен кеткенін айтты.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мақсат Базарбаев топтан кеткен соң 9 ай бойы күйзелісте болған. Көпке дейін қиналып, Кенжебекті ең алғаш көрген кезде жиналу керектігін түсінген. Осы сәттен бастап өзін-өзі қолға алып, жеке шығармашылығын дамытуға кіріскен.
“Өнер болған соң барлығы да болады. Мүмкін бұл топта жүре берсем, халық бізден жалығып кетер ме еді?! Мерейтойда Сәкен, Мейрамбек үшеуіміз ең алғашқы әндеріміздің бірін орындадық. Ол Мұқағали Мақатаевтың “Сенің көзің” атты әні болған. Бойымды сағыныш оты кернеп, уақыт 15 жыл артқа жылжығандай болды. Құдды 25 жасымыз қайта келіп жатқандай. Ол кезде от едік қой. (Күлді.)
Бір шетінен Мұзарттан кеткенім де дұрыс болды. Себебі, отбасыңмен, ата-анаңмен жайшылықта қыдырып, көшеде еркін жүргің келеді. Мұзартта жүріп ешуақытта жұлдыз ауруымен ауырған емеспін. Мен бұл ауруды мектеп қабырғасында басымнан өткерген едім”, – дейді Мақсат Базарбаев.
Көпшілік сол уақытта әншіні Мейрамбекпен сыйы жараспай кетті деп ойлаған-ды. Базарбаев аталған арнаның тілшілеріне болған жайды ашып айтты.
“Білмеген адамдар әртүрлі айтып жатады. Мен бар болғаны өзімнің жеке шығармашылығымды жалғастырғым келді. Арамызда ешқандай ұрыс, түсініспеушілік болмады. Әрине, көкейімде өкініш бар. Өкінбейтіндей тас жүрек емеспін ғой. Қарым-қатынасымызда еш сызат жоқ. Әлі күнге дейін қуанышымыз бен қайғымыз ортақ”, – дейді әнші.
Алайда әріптесі Сәкен Майғазиев оның бұл сөздерін жоққа шығарғандай болды.
“Бұл топтың ортақ шешімі болды. Аспаннан түскендей болмай-ақ қояйын. Сол кезде біреулер біреуді жазғырып та, кінәлап та жатты. Оның барлығын Алла көріп тұр. Солай болуы керек болғандықтан болды. Бұдан Мақсат та, Мейрамбек те хабардар”, – дейді Сәкен Майғазиев.

stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста