Мағжан бейнесі экранда

Мағжан бейнесі экранда

Қызылжарда поэзия пайғамбары Мағжан Жұмабаев туралы түсірілген «Мағжан» деректі-көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Кинода ақынның балалық шағынан бастап, түрмеде өткен соңғы сәттеріне дейін көрініс тапқан. Киногерлер бұл туындыны ақынның 120 жылдық мерейтойына тарту ретінде ұсынып отыр.

  Абай ОМАРОВ (коллаж)

Режиссер Марат Қоңыров бастаған кино мамандары Мағжан туралы фильм түсіруді былтыр қолға алған болатын. Картинаның біраз бөлігі ақынның туған жері Қызылжарда, нақтырақ айтсақ, Са­сық­көлдің жағасындағы Сарытомар ауылында және Жамбыл ауданындағы мұражайда түсірілген.  Ал негізгі оқиғалар Мағжанның қызмет еткен қаласы Қызыл­жар­да болған. Шаһарда ақын тұрған үй, сондай-ақ бір ғасырдан астам тарихы бар саябақ сақталып қалған. Мағжан осы бақта кешкісін қыдырғанды ұнатқан екен. Режиссердің айтуынша, алғашында тек деректі фильм түсіру көзделген. Бірақ таңдап алынған тақырыптың ауқымды­лығын ескере отырып, деректі-көркем фильм жасауды ұйғарыпты.
Киноға кәсіпқой әртістермен бірге ауылдың тұрғындары да тартылған екен. Ал басты кейіпкерді төрт бірдей әртіс сомдаған. Төрт жасар Мағжанды Едіге Әбді­рахманов, ал бозбалалық шағын Мейіржан Бейсембеков ойнаған. Ақынның ақын болып қалыптасқан тұсын Дархан Қалиев, ал өмірінің ең қиын кезі – «халық жауы» атанып, түрмеге жабылған тұстарын танымал әртіс Дулыға Ақмолда сәтті сом­дап шықты.
Марат ҚОҢЫРОВ, режиссер:
– Мағжанның өміріне үңілген сайын қызыға түстім. Ақынның өмірі әлі толық зерттеліп болған жоқ. Сондықтан ма­ған да архив ақтаруға тура келді. Сце­на­рийін жазу үшін тергеу хаттамала­рын ашып, түгел оқып шықтым. Соңғы кездері Мағжанның атылмағандығы жөнінде айтылып жүр. Оны да киноға енгізуші едік, бірақ нақты дерек бол­ма­ды. Сондықтан ресми құжаттарға сүйеніп, 1938 жылы атылғанымен аяқ­таймыз. Фильм демеушілердің қаржы­сына түсірілді, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі көп қолдау көрсет­ті. Ал енді бағасын көрермен бере жатар.

Дархан ҚАЛИЕВ, Мағжанның рөлін сомдаған әртіс:
– Мен 2001 жылы оқуға түскен кезде достарым маған Мағжанға ұқ­сай­сың дейтін. Мен оған мән бермедім. Ал былтыр тағы бір досым Мағжан туралы кино түсірілгелі жатқанын ай­тып, кастингке қатысуды ұсынды. Бая­ғыда достарымның Мағжанға ұқсата­тыны есіме түсіп кетіп, кастинге бардым, бірден өтіп кеттім. Осылайша ұлы ақынның рөлін сомдау бақытына ие болдым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста