«Мәдениет» арнасына – бір жыл

«Кемелденген рухты сатып та, қарызға да алуға болмайды. Егер ол сатуға түссе, меніңше, сатып алушы да табылмайды» деген екен адамзаттық деңгейдегі ұлы ойшылдардың бірі Сенека. Осыдан-ақ рухтың баға жетпес құндылық екенін аңғару қиын емес. Осы ретте қазақтың күллі зиялы қауымының көкейінде жүрген, көптен күткен бір мәселесі бар-ды. Ол өз руханиятымыз бен мәдениетімізге арнайы арна ашу болатын. Алаштың осы бір арманының орындалғанына да бүгін жыл толып отыр. Яғни, был­тыр, 2011 жылы 26 қыркүйек күні қазақ телевизия кеңістігінде тұңғыш «Мәдениет» арнасы дүниеге келді. Бүгін – жасы бала, өзі дана арнаның туған күні.
Сағатбек Қалиев, арнаның директоры, өнертанушы ғалым:
– Мәдениет арнасының ашылуы кез­дейсоқ дүние емес, науқан да емес. Оны уақыттың өзі алып келді. Мен бір нәрсені баса айтқым келеді, бұл арнаның дү­ние­ге келуіне себепкер болған біз бол­ғанмен, оның негізін қалауға бар күшін аямаған біз емес, осы ХХ ғасырдағы біз­дің майтал­ман­дарымыз, өнер саң­лақ­тарымыз. Бүгін­де арамызда жоқ асыл­дарымыздың әрбірі осы Мәдениет арнасының негізін салуға өз үлесін қос­ты. Ендеше бұл арнаны біз емес, қазақ деген халық ашты, халықтың рухани дү­ние­сі ашты. Арнаның ашылған алғашқы жылында біз еліміздің барлық мәдениет саласындағы бар мен жоқты түгендеп, бұрыннан мұрағатта барын осы бүгінгі электрондық жүйеге көшірдік. Бір жыл ішінде белгілі бір формат қалыптасты, біз ендігіде оған көп өзгеріс енгізбей, сол форматты дамыту төңірегінде бір­ақ маз­мұны терең істерге көшеміз. Жал­пы, Мәде­ниет арнасының негізгі стра­тегиялық ба­ғы­ты – бүгінгі таңдағы элек­трондық жү­йені пай­далана отырып, сол рухани дү­ниені на­сихаттау. Осы рете біз тек қана Ал­ма­тының мәдени ортасымен шектел­мей, бас­қа да облыстарға барып, сол жақтар­дың өнері мен мәдениетіне қатысты құн­ды­лықтарын түгел таспаға түсіріп жатырмыз

Негізі, қазіргі таңда қай телеарна бол­масын ұзаққа баруы үшін, өзіне кәсіби жә­не мемлекеттік көзқарас қалыптастыру үшін оның бағдарламаларының астарын­да ғылыми зерттеулер жатуы тиіс. Мәде­ниет арнасы өз концепциясын солай түз­ді. Оған біз аталған арнадан берілетін бағ­дар­ламалар барысын бағамдау арқылы көз жеткізе аламыз. Мәселен, «Кітапхана» атты әдеби-танымдық бағдарламасы, оны белгілі публицист, қаламгер Жүсіп­бек Қор­ғасбек жүргізсе, сондай-ақ өр­ке­­ниет пен мәдениеттің қарым-қаты­нас, қақты­ғыс жә­не бүгінгі таңдағы мәде­ни сала­дағы мәсе­лелер жайлы «Өрке­ниет» бағ­дар­ла­масы­ның тізгіні ұлт журналисти­касының май­тал­мандарының бірі Нұртөре Жүсіпке бе­рілген. Қазақ музыкасының арғы тари­хы мен бүгіні туралы, осы салаға өмірі мен өне­рін арнаған майталман му­зыка саң­лақ­тары туралы «Партитура» бағ­дарла­масы. Жүргізушісі – өнертанушы ғалым Юрий Аравин. Қазіргі кезде өнер сала­сына енді жол тартып келе жатқаны бар, қалыптас­қаны бар, солармен сұхбат «Не­случайная встреча» бағдарламасында, оны Карина Абдуллина жүргізеді. Театр са­ласын сарап­тауға арналған, қойылып жатқан туынды­ла­рын түсіріп алып көрсе­тіп жатқан «Ақ­сарай» бағдарламасы мен театр спек­такль­дері, опера және балет бәрін де эфир­ге шығарып отырған «Ға­сыр­лар пер­несі» тағы бар.Мұндағы на­зар­ға алуға тұрар­лық тағы бір жайт – әр бағ­дарламаны жүргізу ісін сол сала­дан хаба­ры мол, кәсіби мамандарға тап­сырыл­ғандығы.
Бірінші жылдан – биік белеске
Ақпарат кеңістігіне қадам басқан ал­ғаш­қы жылдың өзі жемісін беріп үлгерді. Бір жылдың қорытындысы бойынша «Мә­де­ниет» арнасы «ТЭФИ-Содружество» ек­інші халықаралық телевизиялық фести­валінде арнайы он сыйлықтың біріне ие болды. ТМД елдерінен үздік телебағдар­ла­малар тартысқа түскен бұл байқауға «Мә­дениет» телеарнасы «Легенды и мифы оперного. Куляш Байсеитова» атты бағ­дар­ламасын ұсынған болатын. 16 мем­лекет қатысып, 56 бағдарлама ұсы­ныл­ған үлкен додадан арнаның алдыңғы орыннан көрінуі, ол – қазақ мәдениетінің жарқырай көрінгені,бұл – 50 жылдан астам тарихы бар күлліқазақ телевизия­сының жетісті, сон­дай-ақ бұл ХХ ғасырда өмір сүрген саң­лақтарымыздың бізге сый­лаған жемісі.
Алайда осы тұста біздің жалпы телеви­зия саласындағы көкейтесті мәселенің барын айтпай кету орынсыз. Ең басты мәселе – бейнекадр тапшылығы.
Сағатбек Қалиев, «Мәдениет» телеарнасының директоры:
– Бұл – өте орынды және жүйелі түрде талқылайтын күрделі сұрақ. Өйт­кені, өкі­нішке қарай, арғысына бар­ма­ғанның өзін­де әлгі сіз айтып жатқан ХХ ғасыр тұл­ға­ларының бейнекадрлары тым аз, тіпті жоқ­тың қасы. Ол біздің осы телевизия сала­сын­да қызмет еткен ал­дыңғы буын ағала­ры­мыздың алдына қой­ғымыз келетін сұрақ. Неге? Алайда осы мәселе бір жағы­нан бізге сабақ та болып, біз осы арнаның тұтқасын ұстап отырған бүгінгі буын ең бірінші орында мұрағат жинауды өзінің алдына мақсат етіп қойып отыр. Келесі ұрпақ дәл бүгінгі біз секілді қиналмас үшін, бізге кінә тақпас үшін біз осы өзіміз көріп жүрген, бастан өткеріп жатқан мәдени оқиғалар мен, мәдениетке өз үлесін қосып жүрген майталмандарымызды таспаға түсіріп, күні ертеңге мұрағат жинап жатыр­мыз. Мысалы, Дина Нұрпейісова сынды дәу­лескер күйші апамызды алсақ, кезінде ол кісінің бүкіл күйлерін жазып алуға болатындай мүмкіндік болды. Ал бізге қалғаны небары екі-үш қана күй. Сонда ол кезде «осы кісілердің көзі кетеді-ау, сонда күні ертең жас ұрпақ Дина секілді күйші­сінен мәңгілік көз жазып қалмай ма?» де­ген сұрақ ешкімді алаңдатпа­ғаны ма? Сол сияқты Күләш Байсейітова апамыз да. Ол кісі Дина апамыз секілді ауылда емес, осы Алматы секілді ірі мәдениет ошағында, белді деген Опера және балет театрында қызмет істеді. Әрине, Күләш апамыздың бей­некадр­лары тіпті қалмады деуден аулақ­пын, бар, бірақ қанағат тұтарлықтай емес, өте аз. Көптеген тұлғаларымыз дәл осын­дай жағдайда. Бұл – тек Мәдениет ар­насының ғана емес, күллі қазақтың мә­се­лесі, енді кеш деп қолды бір-ақ сіл­те­мей, әлі де болса өз даму жолында алдына қоятын ең бір үлкен мақсаты. Біз осыны стратегиялық мақсат ете отырып, сонымен қатар тағы да көптеген мәсе­лелерде терең ғылыми-зерттеу жүргіз­гіміз келеді, бірақ қолбайлау болып отырған проблемалар бар. Мен осы тұста Ресейдің арналарына қызығу­шы­лықпен және қызғанушылықпен қарай­мын. Себебі, орыстың атақты тұлға­сы, майталманы бүгін ғана өмірден озса, арасына апта салып, сол бір аяулы жан туралы толыққанды портреттік бағдар­лама шығып жатады. Себебі олар жүйелі түрде жұмыс істеп, Ресей мәдениетіне, жал­пы ел өміріне араласа бастаған әр тұл­ғаны жіті зерттеп, оның бейнекадр­ларын жинай бастайды. Солайша, керек кезінде әлгіндей дүниелерін жинақтап, бере қояды. Бізде осы нәрсе әлі күнге қалып­таспаған.

Алда алаш тақырыбы мен кино тұр
Расында, бұл – мемлекеттік деңгейде дабыл қағып, ел болып қолға алатын, тіпті арнайы бағдарлама етіп те жүзеге асы­ратын дүние. Себебі біздің кешегіміз бол­маса, бүгініміз де мардымсыз, ертеңіміз тіпті қиын. Алайда бұл арна басшысының өзіне дейінгінің бәрін жоққа шығарып, тарихты өзінен бастауы емес. Өйткені Қа­зақ­стан ұлттық арнасының бұған дейін де өре басы Камал Смайылов, Сағат Әшім­баевтардан бастап мәдениет сала­сын­да біршама жұмыстар атқарып кет­кенін Са­ғат­бек Қалиев сынды басшы жақсы біледі. Дегенмен қазақтың қай тұлғасы жайлы қанша бағдарламалар жасалып, деректі фильмге арқау болып жатса да көптік етпейді. Мәселен, Қаныш Сәтбаев жайлы, Әуезов жайлы, тіпті Шәкен Айманов сын­ды саңлағымыз болсын... Осы ретте ұлы Абайды тілге тиек етуге болады. Бүгінде Абай туралы сериал да түсіріліп жатыр, бұған дейінде ұлы ақын талай қойылым­дар мен деректі фильмге арқау болған.Алайда Абай туралы да қанша туынды жасасақ та қазақ оның ешбірін артық көрмейді. Сол сияқты Алаш ардақтылары да. «Мәдениет» арнасы енді таяу бола­шақта осылардың әрқайсысынажоба жа­са­мақ ниетте. Алғашқы жылы қазақ мәде­ниетін жіліктеп, әдебиет, театр саласы, көркем сурет, музыка деген секілді сала­ларға бөліп, жүйе жасап, көрерменді соған бағыттап алған бұл арнаның енді те­реңдей түсуге шамасы жетеді.Әсіресе биылғы жаңа маусымда «Мәдениет» кино өндірісі саласына ден сала кіріспек. Бірінші жылы толыққанды қамти алмаған бұл саланың кешегісі мен бүгінінде қазақ кө­рер­меніне қажет дүниелердің жеткілікті боларына дау жоқ. Онда соңғы кездері шығып жатқан жаңа туындылар да арна арқылы өз көрерменіне жол табар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста