Лондонда қазақ әншілері тірі дауыста ән салады

Лондонда қазақ әншілері тірі дауыста ән салады

Қазақстан әншілері жанды дауыспен орындалатын әндердің дүниежүзілік байқауына қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл байқау желтоқсанның 13-інде Ұлыбритания астанасы Лондонда өтеді.

Бұл шараны «Талап» жастар қоры қолға алып отыр. Қор өкілдерінің айтуынша, оны өткізудегі негізгі мақсат – жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың әлемдік сахналарға шығуына мүміндік беру, Қазақстанның атын әлемге паш ету. Тұманды Альбион еліне бармас бұрын әншілеріміз алдымен Алматыда бақ сынайды. Басты ұйымдастырушы Юлия Зайцеваның сөзіне қарағанда, байқауға қатысуға 15 әншілік топ өтініш жолдаған. Олардың 11-і – Алматының өнерпаздары. Лондонға байқаудан жеңіп шыққан бір ғана топ барады. Сондықтан олардың барлығы қазір қызу дайындық үстінде. Жалпы, бұл байқаудың тарихына келер болсақ, ол алғаш рет 1994 жылы өткізілген. Оған демеушісі, продюсері жоқ әншілік топтар да қатыса алады.

Себебі оның негізгі мақсаты – жастардың талантын ашу. «Қазір біздің сахнамызды дауысы жоқ әншілер жаулап алып барады. Ал бұл шара шынайы таланттарды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан оған қатысу үшін аса үлкен дайындықтың қажеті жоқ. Себебі бұл жерде адамның дарыны бірінші орында тұруы керек», – дейді Ю.Зайцева. Жыл сайын өтетін өнерпаздар жарысына әлемнің 30-дан аса елдері қатысады екен. Қазақстанның байқауға алғаш рет жолдама алып отыр. Өткен жылы онда Ресей мен Украина да бақ сынаған екен. Жыл сайын байқау жеңімпаздары үшін сыйақының көлемі ұлғайып келеді. Биылғы жылы бас жүлдені жеңіп алған әнші немесе топқа 100 000 АҚШ доллары тағайындалмақшы. Сондай-ақ таланттардың әлем сахналарына шығуына, мықты продюсер табуына мүмкіндік туады.

Дидар Марданов, «Талап» жастар қорының жетекшісі:
– Маған шараны өткізу туралы отандастарымыз ұсыныс жасағанда қатты қуандым. Себебі жастарға мұндай шара өте керек. Ұсыныс түскеннен кейін, біз Лондонға өтініш хат жолдадық. Хатты алғаннан кейін, ұйымдастырушылар елімізде мықты өнерпаздардың бар екенін біліп, өтінішімізді қабылдады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста