Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов арасындағы іске сот нүкте қойды
Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Ләйлі Сұлтанқызы арасындағы сот аяқталды, деп хабарлайды Оinet.kz ақпараттық порталы.
5 айға созылған сот нәтижесі Нұрболхан Шараповты кінәсіз деп таныды.
Бұл туралы, әзілкеш инстаграм әлеуметтік желісінде:
«Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелі күн, мен үшін. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қызарының ары үшін соттан бір-ақ шығамын деп кім ойлаған. 3 айға созылған сот өз мәресіне жетті. Сот мені: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкімнің абыройына нұқсан келтірген жоқ. Ол тек Өз ойын айтты деп ақтады. Заңды түрде әділ шешім шығарған. Есіл аудандық номері 2-ші сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды білдіремін. Әділдік бар екеніне сеніңіздер! Мені уайымдағандарыңыз үшін бәріңізді жақсы көремін!» - деп жариялады.