Күлдіргі туындыда қоғам шындығы бейнеленді

Жақында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда қазақ-музыкалық театры жаңа қойылымды көрермен назарына ұсынды. Сыр елінің өнерсүйер қауымы қазақтың көрнекті қаламгері Қадыр Мырза Әлінің «Түрт, сайтаным, түрт!» атты комедиясының тұсаукесерін тамашалады.

Шығарма иесі өзінің туындысында қазақ халқының ежелгі ауыз әдебиетінде айтылатын кейіпкерлерді персонаж етіп алған. Оқиға солардың аралауы бойынша өрби түседі. Осының арқасында мына бес күн жалғанда адамға жат қылықтармен өмір сүретін пенделер тіршілігі бейнеленеді. Мәселен, өмірдің мәні – тек байлыққа ие болу деп түсінетін кейбір адамдардың дүниеқоңыздығы көрініс табады.

Шық бермес Шығайбаймен бірге өмір сүріп жатқан Шекергүлдің де түпкі мақсаты басқаша. Ол көл-көсір байлыққа қол жеткізуді қалайды. Олардың арасында осылайша бақай есеп болады. Сонымен қатар Алдар көсенің туындыда көрермен назарына ұсынылуы тегін емес. Елдің аузында жүрген осы кейіпкер арқылы бүгінгі өмірдің шындығын айтқысы келген қаламгер адамды ойландыруды қалағанын аңғару қиын емес.

Спектакльде Нұрлыбек Шыналиев, Залифа Төлепова, Руслан Ахметов және Бектеміс Ботбаев сынды өнер иелері ойнап шықты. Әртістер өз бейнелерін жоғары деңгейде сомдай білгенін көрермен жасаған қошеметтен байқауға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста