Күйеуімен ажырасқан отандық актриса бақытты екенін айтты
Елімізге белгілі актриса Лидия Кәденованың бұрынғы келіні Айым Алтынбекова желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ашып, бүгінде өзінің бақытты екенін айтып жар салды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Өмірде бар жағынан өзіңе жақсы адамды кездестіру өте сирек. Теріс айналғанда арқаңнан пышақ сұқпайтын адамның бары қандай жақсы! Мұндай адамдар біздің өмірімізге өте сирек келеді.
Менің өмірімде әлі ондай болмады. Бізді тартпайтын еркектер болады. Олар үшін біз өте қиын, ақылды, әрі ауыр болып көрінеміз. Оларға керек емес сұрақтарды қоямыз, себебі бұл өмірден не қалайтынымызды баяғыда анықтап қойғанбыз. Сараптан өткіземіз, қорытынды шығарамыз.
Оның ит асырағандай жәй ғана жанымызда болғаны жеткіліксіз. Тым құрығанда моральдық қолдау көрсеткенін қалаймыз. Бізді тұлға ретінде көргені қажет. Себебі ештеңе сұрамайтын, бас қатырып, кемшіліктерін көрмейтін мінсіз қыздар бар. Олар бар болғаны тамақ дайындап, бала туады. Әрдайым бәріне көңілдері толады, ешқандай проблема жоқ", -деді Айым Алтынбекова.
Актриса әркім өзіне лайық жанды іздеу керек екенін айтып, бүгінде өзінің бақытты екенін жеткізді.
Айым Алтынбекова. Фото: Instagram
"Қарапайым жандар қарапайым жан іздесін. Ал қиын жандар үшін өзімен бірге болатын қиын адам табылады. Екі адам айырылысыпты, онда тұрған не бар? Ажырасуға әрдайым әйел кінәлі емес қой.
Бірнеше текше метрлерге кетіп қалған отты қайта жағу мүмкін емес. Тек жаңасын жағу қажет. Қарым-қатынасты сақтап қалу үшін екі адамның да қалауы болуы тиіс. Әйтпесе қанша тырыссаң да, ештеңе өнбейді.
Әрине, сенің қателесіп, өзің күтпеген ер адамға көз салғаныңды мойындау қиын. Бірақ мың мәрте сүрініп, уақыт жоғалтқанша – шындықтың көзіне қараған дұрыс. Өзіңді бағаламайтын жандардың аяғына бас ұрудың қажеті жоқ. Бастысы мен қазір бақыттымын!», - деді ол.
Еске салсақ, Айым Алтынбекова Бүркіттің "Апан" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Сондай-ақ, жұлдызды шаңырақтың бұрынғы келіні - кәсіби бет әрлеуші.