Көрерменсіз өткен "Алматы аруы – 2020" байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

Көрерменсіз өткен "Алматы аруы – 2020" байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты әдеттегідей өтпеген сұлулық байқауының гранд-финалының қалай ұйымдастырылғанын Sputnik Қазақстан суреттерінен көре аласыз.

 

"Алматы аруы &ndash 2020" сұлулық байқауының қорытындысы шықты. Қаланың басты сұлуын анықтау үшін қазылар алқасы кеңесу бөлмесінде жарты сағат ақылдасты.

 

Байқауға қатысуға үш мыңға жуық адам өтінім берген. Оның ішінде 264 бойжеткен келесі кезеңге өтті. Ал ақтық мәреге алты қыз ғана қатысты.

 

Биыл "Алматы аруы" сұлулық байқауы жиырмасыншы рет өтті. Әдетте үш ай ішінде өтетін байқау коронавирус пандемиясына байланысты биыл тоғыз айға созылған.

 

"Бастапқыда "Алматы аруы &ndash 2020" байқауына үш мыңнан астам өтінім түсті, бірақ 25 қаңтарда кастингке 673 адам келді. Кастингтің төрт турын өткізуге тура келді. Нәтижесінде 25 адам таңдалды, ал гранд-финалға алты адам өтті", - деді "Алматы аруы &ndash 2020" байқауын ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Совет Сейітов.

 

"Алматы аруы-2020" байқауының гранд-финалына Юлия Беркович, Салтанат Нұрпейісова, Әсият Исембаева, Александра Розанова, Валерия Сорокотяга, Амира Ысқақ қатысты.

 

Қазылар алқасының жарты сағат талқылауынан кейін 20 жастағы Әсият Исембаева жеңімпаз атанды. Жеңімпазға тәжді "Алматы аруы &ndash 2019" атанған Диана Әбішева табыстады.

 

 

"Байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын, мұнда көптеген жаңа дос таптым. Мол тәжірибе жинадым. Өзімді жақсы қырымнан көрсете алатыныма сендім. Бізде барлық қыз өте әдемі әрі талантты, сондықтан соңына дейін кімнің жеңіске жететінін білмедім", - деді Әсият.

 

Ал онлайн режимде финалистерге дауыс бере алатын интернет қолданушылары қазылар алқасының пікірімен келіспеді. Олар Александра Розанованы жеңімпаз деп таныды. Ол "Халық таңдауы" номинациясын алды.

 

Сонымен қатар гранд-финалға шыққандардың барлығына "Алматы вице-аруы &ndash 2020" атағы берілді, ал олардың төртеуі "Қазақстан аруы" сұлулық байқауына қатыса алады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста