Консулдар күй тартқан күн

Осыдан біраз күн бұрын ғана Америкадағы қазақ жастары «Қаражорға» ұлттық биін билеп, Тәуелсіздігіміздің мерейтойын өздерінше атап өткен болатын. Енді АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулдығының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Оған АҚШ мемлекеттік депар­та­мен­ті­нің, іскерлік және қоғамдық топтардың, дип­ломатиялық корпус пен БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері шақы­рыл­ды. Шараның ашылу сәтінде сөз сөйлеген Қазақ­станның Бас консулы Раушан Есбо­ла­това біздің мемлекетіміздің халықаралық аренадағы, ел ішіндегі демократиялық жә­не экономиалық қайта қалыптастыру ісін­дегі жарқын көріністерін атай келе, алдағы даму мен болашаққа қойылған міндеттерді атап өтті. Бұл ретте егемендік жылдарында Қазақстан дамуындағы Елбасының рөлі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар қонақтар алдында диас­пора өкілдері Гүлжан Түзелбаева мен Салтанат Наурызбаева «Атамекен» әнін орын­даса, вице-консул Қадыр Қаюпов бір­­неше күй тартты. Диаспора өкілдері сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, келушілерге дәм татқызды. Ша­ра соңында қонақтар Қазақстанның кешегі және бүгінгі тарихынан сыр шертетін ар­найы көрмені тамашалады. Жалпы, бұл Аме­рика қалаларында ұйымдастырылып келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік мере­ке­сіне арналған көп шаралардың бір парасы ғана. Қазақстан консулдығы осы бағыттағы жұ­мыстарын алдағы уақыттарда да жан­дандыра түспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста