Көкжал Барақ тұғырына қашан қонады?

Көкжал Барақ тұғырына  қашан қонады?

«Өскемен өңірі облыс тұрмақ, есімі бүкіл елге мәшһүр батырлар мен ақын­дардың ескерткішіне кенде». Осы­лай деп есептеген бір топ азамат енді мұндай енжарлықты қою керек дейді. Қазақты қазаққа таныту керек деп жар сала бергеннен гөрі, нақты іске ауысқан жөн деп санаған олар ең алдымен Көкжарлы Көкжал Барақтың ескерткішін орнатуға бекініп отыр. Бірақ қалта таяз, мүмкіндік төмен. Мұны былай қойғанда, кертартпа сыл­тау­лар мен кереғар пікірлер қолбайлау болып тұр. Әйтпегенде бұл келелі істің басы қайырылып та қойыпты. Ескерт­кішті орнатуды ономастикалық комис­сия құптап, қаладағы жаңа ауданда бір жотаның үсті берілді. Алайда сол ескерткіш тұратын Комсомольская кө­ше­сін затына сай Барақ батыр көшесі деп атау да, мүсінді аяқтау жұмыстары да әлі ешқандай қолдау көрмей жа­тыр. Бастамашыл азаматтарға бастап­қыда санаққа орай жарияланған мораторий кедергі болып еді, енді дағдарыс келіп килікті.
«Ескерткіш елдің аузынан жырып алынған ақшаға емес, халықтың өз ниетімен тұрғызылмақ. Неге екенін қайдам, Барақтың ескерткіші туралы айтылғалы сыл­тау да көбейді. Өске­менде онсыз да қазақ зиялы­ла­рының, тарихи тұлғалардың мүсіндері аз. Ба­тырдың мүсіні қойылатын Комсо­моль­ская көшесін затына сай өзгерт­кенде тұрған не бар?», – дейді осы бас­та­маның басы-қасында жүрген білім саласының қызметкері Нұрлан Әстек­ов.
Батырлардың ел үшін төккен тері ту­ралы жас ұрпаққа жеткізу – тарих­шы­лардың мұраты. Өске­мендегі тарих зерттеушілері Барақ батырдың ұрпағы осы өлкеге тараған деседі. Мұны бір емес, бірнеше тарих зерттеушілері мен өлкетанушылар айғақтап бере ала­ды.

Советхан Игібаев, тарих ғылымы­ның докторы:
Барақ батыр ескерткіші Қазақстанның бір қаласында жоқ. Тарих беттеріне үңілсек, Көкжал Барақ батыр туралы аңыз-шежірелер көп. Көптігі сон­ша оны басқа қырынан көрсетіп ша­тастырған шығармалар да жетерлік екен. Шатасатындай да жөні бар. Қа­зақ тарихында әсіресе жаугершiлік за­ман­да Барақ есімді жауынгерлер де, сар­баздар да, батырлар да көп болған. Бірақ біз тас мүсінін қоюды армандап отырған батырымыз осы өлкеде дүниеге келген Көкжал Барақ, көз ілеспес жыл­дам­ды­ғымен кез келгеннің мысын басатын қай­сарлығы үшін Абылай ханның мақтан тұтар батырларының бірі болған.
Ел аузынан жиналған деректер батыр­дың жотасында екі елі жалы болған де­седі. Ашуланғанда сол арқасындағы жа­лы күдірейіп кететін Барақ батырдың есімі қазаққа ғана емес қалмақпен қы­тай­ға да аңыз болып тарапты. Ақ тудың астында бет қаратпас батыр атанған оны Абылай «Көкжалым» деп мадақтапты-мыс. Ендеше оның тұлғасы елі мен жерін сүйетін, бойында намысы қайнап тұрған жігерлі ұрпақты тәрбиелеуге үлгі болып тұрса, Өскемендегі қазақы тәрбиенің бір саты болсын алға жылжығандығы еді. Ескерткіш Өскемендегі Суретшілер үйін­де жасалатын болды. Осыған дейін мү­сін­нің нобайын дайындап ұсақ-түйек жұ­­мыстарын бітіргенге 900 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Қазір өңірдегі тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері бастаған істерін аяқтай алмай жомарт ағайындардан қол ұшын беруді сұрауда. Көкжал Барақтың ескерткішін толықтай аяқтау үшін арнайы қор да ашылды. Әзірге бұ­ған селт еткен ешкім жоқ. Барлығы қар­жы­лық дағдарысты сылтауратады. Алай­да патриоттық жұмыстарға ешқандай да дағдарыс кедергі болмауы керек деп есеп­тейді мұндағы зиялы қауым. Егер жас ұр­пақ батыр бабаларын танымай мәңгүрт бо­лып өссе нағыз «рухани дағдарыс» сон­да болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста