«Көктем аруы» таңдалды

«Көктем аруы» таңдалды

Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №33 жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбында «Көктем аруы» атты сайыс өтті. Ұйымдас-тырушылар бұл сайыстың бүлдіршіндерге беретін тәлім-өнегесі мол екенін айтады.
Мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жан­серкеева Гүлжан: «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерек­ше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге, оларға тәр­бие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тір­ші­лік­ке жол сілтеу бірінші ата-ананың міндеті дейтін болсақ, екінші кезек – қанатын қа­тайтып, болашаққа жол сілтеп, қар­лы­ғаш­тай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Мек­теп білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы болғандықтан, «Көктем аруы» атты сайысты қолға алдық», – дейді. Кішкентай аруларымыз «сәлемдесу», «өз өнері», «сән үлгісі», «сұрақ-жауап», «үй тап­сырмасы» шарттары бойынша бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасының ше­ші­мімен бас жүлдені (Ханшайым) Мамаева Адель, бірінші орынды Болатбек Мадина, екінші орынды Сейдімбекова Аружан, үшінші орынды Сансызбай Альбина «Көк­тем аруы» атанды. Ал қалған номинациялар бойынша «Әнші ару» Аружан Санатбекова, «Өнерлі ару» Русланқызы Саида, «Биші ару» Әсем Кәзиева, «Мейірімді ару» Құс­ма­нова Әлия, «Сүйкімді ару» Қайырбекова Ләззат лайықты саналды.
Роза МӘКЕЖАНОВА, Алматы қалалық №33 жалпы білім беретін мектеп директоры:
– Жалпы, көктем мезгілінің синонимі – әйел, ана, қыз. Олар қандай сұлу болса, көктем де сондай сұлу. Табиғат оянса, біздің де бір үмітіміз оянғандай болады. Ал бүлдіршіндеріміз осындай талпыныс жасап, өздерін көрсетіп жатса, келешекте бүкіл республика танитындай азамат болса екен деген үмітіміз де жоқ емес. Біздің басқа мақсаттарымыздың бірі – ата-ана мен мектептің арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Осындай іс-шараларда ата-аналар өз балаларының қаншалықты талантты да дарынды екенін көреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста