«Көк жәшіктің» сырты бүтін, іші түтін

«Көк жәшіктің» сырты бүтін, іші түтін

Жасөспірімдерге арналған Аргентина телехикаялары көрермендерді әдепсіз әдеттерге тәрбиелеуде. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, бұл хикаялардағы оқушы қыздардың бесіктен белі шықпастан интимдік қарым-қатынасқа түсуі күнделікті өмірдегі қалыпты жағдай ретінде көрсетіледі. Жас жеткіншектердің сана-сезімін улап, кері әсерін тигізетін аталмыш көріністер халықтық психология мен ұлттық менталитетімізге мүлде кереғар. Соларға еліктеушілік салдарынан жастардың көбі бұрыс жолға түсуі әбден мүмкін.

Өкінішке қарай, біз осындай телехикаялардың зардабын әлі түсінбей келеміз. Соңғы уақытта Латын Америкасы телехикаяларының дәуірі бітіп, түрік, кәріс хикаялары қазақстандық арналарды жаулап алды. Түрік телехикаяларын көре отырып, «Түркияда адам өмірінің құны соншалықты төмен бе» деген ойға қаласыз. Әйтеуір, бір-бірімен жауласқан адам. Адам өмірін қию құдды бір жәндікті өлтірумен бірдей. Одан қалса, кәріс телехикаялары тағы бар. Дағдарыс кезінде өзінің тұрмыстық мәселелері басынан асып жатқан қыз-келіншектер (кейінгі кезде телехикаяларды көруден ер адамдар да қалыспайтын болды) кино кейіпкерінің де барлық ауыртпалығы өз мойнына түскендей әсерде жүреді. «Міне, басталады» дегенде ішкен астан бастап, бар жұмыс айдалада қалады. Сол Мария мен Альбертоға телехикая уақыты ғана бөлінсе жақсы ғой. Біткеннен кейін де сериалдың жыры бітпейді.

Бәрінің жабыла келіп болжам жасайтыны – «келесі серияда не болады» деген мәселе. Осының өзінен-ақ мән-мағынасыз, ұзын сонар телехикаяларды көп көретін адамның шынайы өмірден қаншалықты алшақтап кететінін аңғару қиын емес. Айналасында болып жатқан дүниелерді ұмытып, телехикая кейіпкерлерінің тағдырымен әлек болып кетеді. Рухани тоқырауды былай қойғанда, қаншама уақытының бос өтетіні тағы бар. Түрік, кәріс сериалдарын былай қойғанда, Ресейдің жеңіл-желпі реалити шоулары – өз алдына бөлек әңгіме. Осы күндері «НТК» арнасынан күнделікті берілетін «Дом-2» хабары да қазақ көрерменінің ойын онға, санасын санға бөлуге айналды. Кезінде Гитлер: «Шығысты жаулау үшін оларға ертеден кешке дейін үздіксіз даңғырлаған музыка беріп, кітап оқып, рухани баюға мүмкіндік бермеу керек», – деген екен. Сериал, даңғаза музыка сияқты жеңіл-желпі дүниелердің мән-мағынасын түсінбестен, таңның атысынан кештің батысына дейін жұрттың соған жаппай бой ұруы санасын жоғалту емей, немене?!

Қазіргі буын классикалық туындылардан едәуір алшақтап кетті. Әйтпесе қазақ жазба әдебиетінің небір гүлденген кезеңі өтті, бүгінгі ұрпаққа көптеген асыл мұра қалды. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, Міржақып Дулатовтың «Ақбілегі», Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы, айта берсек, өте көп. Бұл туындылар адамды рухани байыта отырып, төл тарихымыздан сыр шертеді. Алайда қазіргі таңда осындай кемел шығармаларды Ресейдің арзанқол детективтеріне айырбастап алғандар қаншама! Бұл да – адамның рухани азғындауына бірден-бір себеп. Фариза Оңғарсынованың:

Қадір қалмай талант пен өнерде түк,
Өмір кетіп барады өлеңдетіп.
Адамдар жүр жердегі адам құнын
Жылдан-жылға өздері төмендетіп,
– деген жыр жолдарынан кейін бұл мәселеге бөгде сөз алып-қосудың өзі қиын, тіпті артық та...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста